"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде  білім беру  ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік  ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                   2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25  наурыздағы                              № 12 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда:

1-тарау жаңа редакцияда жазылсын:

        «1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру  бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды жақсарту жағдайларында орта білім беру ұйымдарында оқу процесін аралас форматта ұйымдастыру мақсатында әзірленген. Әдістемелік ұсынымдар меншік түріне қарамастан барлық орта білім беру ұйымдарында пайдаланылады.

2. IV тоқсан санитариялық талаптарды қатаң сақтау арқылы жалғасады (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы қаулысы):

1) білім алушылар контингенті 300-ге дейін, сыныптарда балалар саны 25 адамнан аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту;

2) өңір тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтарда) болған жағдайда мектепке дейінгі, 1-11-сыныптарда толымдылығы  25 оқушыдан аспайтын сыныпта аралас оқыту ұйымдастырылады (пәндердің/сағаттардың бір бөлігі дәстүрлі оқытуға, бір бөлігі - қашықтан оқытуға, ауысымдар бойынша оқытуға, оқыту күндерінің кезектесіп және т. б., білім беру ұйымының жағдайларына сүйене отырып оқытуға көшеді);

3) өңір жоғары қауіпті аймақта (қызыл аймақта) болған жағдайда халықаралық мектептердің 1-5, 1-7 сыныптары, 9, 11 (12) сыныптары үшін оқыту форматы – аралас формат, 6, 7, 8, 10 сыныптары үшін – қашықтан оқыту форматы.

3. Бейімделген үй-жайларда және ғимараттарда орналасқан, оқушы орны тапшы, үш ауысымды оқытатын білім беру ұйымдары оқу процесін ұйымдастыруға икемді тәсілді жүзеге асырады, сабақ кестесін жеке, оның ішінде күндерді ауыстыра отырып, жекелеген пәндерді немесе пәндер бойынша жекелеген сағаттарды қашықтан оқыту форматына шығара отырып және т.б. жасайды.

4. 15 білім алушыға дейінгі топтарда білімдегі олқылықтарды қалпына келтіру үшін жеке консультацияларды ұйымдастыру жалғастырылады.

5. Білім беру ұйымының белгілі бір сыныбында сырқаттанушылық анықталған кезде сыныпқа карантин белгіленеді және сыныптың білім алушылары қашықтан оқытуға ауыстырылады.

6. Ауру анықталған, науқастармен қарым-қатынаста болған жағдайларында білім алушылар ата-анасының/заңды өкілінің өтініші бойынша қашықтан оқытуды жалғастырады.

7. Білім алушылардың міндетті мектеп формасын сақтауы талап етілмейді. Білім алушылардың сабақтарға ыңғайлы және ұқыпты киіммен қатысуына жол беріледі.

8. Оқыту форматына қарамастан 1-11 сынып білім алушылары республикалық «Ел-Арна», «Балапан» арналарындағы телевизиялық сабақтарды пайдаланады. Телевизиялық сабақтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми арналарында тегін қолжетімді. Телевизиялық сабақтар аралас және дәстүрлі оқытуда қосымша білім беру ресурсы ретінде пайдаланылады.

9. Директор жанындағы кеңестер, педагогикалық кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің отырыстары, ата-аналар жиналыстары санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың талаптарын сақтай отырып немесе қашықтан форматта өткізіледі.

мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

        «6-тарау. Мектепалды, 1-11 сыныптарды аралас форматта оқытуды ұйымдастыру.

53. Мектепалды, 1-11–сынып білім алушыларының аралас оқыту форматына көшуі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің шешімі негізінде санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруымен негізделеді.

Оқытуды ұйымдастыру келесі түрде жүзеге асырылатын болады:

  1. аралас оқыту кезіндегі оқу процесі мектептің бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады;
  2. ауысымдар және шағын ауысымдар бойынша сыныптар санын және дәстүрлі,  қашықтан оқытуға  (немесе жекелеген сағаттарға) шығарылатын оқу пәндерін білім беру ұйымы жағдайына сүйене отырып дербес айқындайды;
  3. қашықтан оқытуға келесі оқу пәндерін таңдау ұсынылады: «Музыка»,  «Көркем еңбек», «Информатика», «Құқық негіздері», «Графика және жобалау», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» және т.б. (Қосымша, 1-26 кесте);

4) Сабақтардың ұзақтығы – 40 минут.

54. Сабақ өткізу кезінде:

1) балалардың эмоциялық көңіл-күйіне назар аудару, ата-аналармен және білім алушылармен медицина қызметкерлерінің, педагог-психологтардың жеке консультацияларын белсендендіру қажет;
2) сабақта, үй тапсырмаларын орындау кезінде білім алушылардың физикалық жүктемесіне жол бермеу;
3) сабақ басталар алдында кемінде 15 минут дене шынықтыру жаттығуларын өткізу ұсынылады.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті (М.Т. Мелдебекова) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының назарына жеткізсін.

4. Облыстық білім басқармаларының басшылары осы бұйрықты аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                             А.Аймағамбетов
Жаңартылған күні: 05.04.2021 11:14
Құрылған күні: 05.04.2021 11:14

Текст