"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"
Сағадат Нұрмағамбетов-Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі.
Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов (25 мамыр 1924, Ақмола облысы, Еңбек ауылы — 24 қыркүйек 2013, Алматы) — әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қораныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы.
Өмірбаяны
- Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. 1-Белорус майданында, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германия майдандарында соғысқан. Пулемет взводын, ротаны, 5-екпінді армияның атқыштар батальонын басқарды. Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысты.
- 1946 жылы Әскери академияны
- 1981 жылы Бас штаб академиясын бітірді.
- 1950-1989 жылдары – Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округы әскерлері бастығының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) бастығының бірінші орынбасары.
- 1990 жылдан ҚР соғыс, еңбек және Қарулы күштері ардагерлері Кеңесінің төрағасы
- 1991-1992 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы.
- 1992-1995 жылдары ҚР қорғаныс министрі, армия генералы.
- 1996 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі. КСРО, Ресей, Украина, басқа да мемлекеттердің ордендерімен марапатталған.
- Армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы.
- Үйленген. 2 баласы, 4 немересі бар.