"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР -ның Ұлтаралық келісімі

Қазақстан – ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық мекені Қазақ ұлтының тағдыры тауқыметке толы болғаны тарихтан аян. Алайда, өз тағдыры қыл үстінде тұрғанда, қазақ халқы қаны бөлек, жаны жат басқаны да құрдымға кетуге жол берген жоқ. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, біздің көпэтносты еліміздегі татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қорғауға бар күш-жігерін салып, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылық пен ынтымақты, келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ісіне, жіті көңіл бөліп келеді. Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, өзін зайырлы мемлекет деп жариялады. Конституциямызда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп көрсетілген. Сонымен қатар, өз азаматтарының заң жүзінде діни сеніміне, таңдауына және ұстанымына кепілдік береді. Бүгінде қазақ еліндегі этносаралық, дінаралық татулық, әрине әлемнің көптеген елдеріне үлгі. Осы күні, Елбасымыз өзі бас болып жүргізіп отырған көреген саясатының арқасында тәуелсіз елімізде сенімі мен көзқарасы әралуан сан ұлт пен ұлыстың, мақсатмүдделері ортақ, тату-тәтті, береке бірлікте өмір сүруде. Сондықтан болар, елдегі этникалық үйлесімділікті әлемнің жетекші мемлекеттері жоғары бағалап, әрі тәжірибе алар алаңға айналдырып отыр. Қазақ халқы қашан да болсын елдікке, соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына аса мән берген. Ата-бабамыз: «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп ынтымаққа шақырып қана қоймай, «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» дегенді де ескертеді. Сан ғасыр бойы мәңгілік жалғастығын тауып келе жатқан қазақ халқындағы осы бір қасиетті үдеріс бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның да басты қағидасына айналды. Ол – Қазақ елі тәуелсіздігінің мәңгі мұқалмастығының негізі дер едік. Кезінде Кеңес Одағы құрамында болған мемлекеттердің бірқатарында орын алған ұлтаралық қарамақайшылықтар негізінде туындаған жанжалдардан біздің еліміз аман өтті. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында еліміздің кейбір аймақтарында бірқатар ұлтаралық шиеленісті жағдайлар туындағаны мәлім. Ұлтаралық сипаттағы қайшылықты сол кездегі ішкі саяси жағдайға қауіп төндірген жеке оқиға еді десек те, дер кезінде мемлекет тарапынан тиісті іс-шаралар жүргізілмегенде соңы неге апарып соғатыны белгісіз еді. Ендеше Қазақ елінің шаңырағын шайқалтуға бағытталған осындай жәйсіздіктердің тамырының терең жаймауының басты себебі – қазақ ұлтының ақылға тоқтамдығы, кең пейілділігі мен шыдамдылығында жатыр. Елімізді мекен еткен басқа да ұлт өкілдері қазақтың осы бір тамаша қасиеттерін тереңнен түйсініп, аса жоғары бағалайды.

Жаңартылған күні: 27.02.2020 11:09
Құрылған күні: 27.02.2020 11:10

Текст