Текст
Іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 3 ақпанында № 2 Ақкөл орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық Педагогикасы» адамгершілік-рухани тәрбие онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Мектеп директоры Г.К.Нурова құттықтау сөз сөйледі. Балалар өлең оқыды, әндер айтты, бір-біріне жақсы тілектер айтты. Бұл күн мектеп қуанышқа, позитивке, балалар мен мұғалімдердің жүздеріне күлкі сыйлады! Мектептің фойесінде ақпараттық стенд безендіріліп, кітапханада «Мейірім төгетін ана» көрмесі өтті.