№2 жалпы білім беретін мектепте Өзін-өзі басқару жұмыс істейді. Мектеп Парламенті-оқушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде мәселелерді шешуге қатысу нысаны. Парламенттің мақсаты: оқушылардың бойында азаматтық белсенділік дағдыларын, әлеуметтік құзыреттілікті, азаматтық жауапкершілікті дамыту, жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын азаматты тәрбиелеу.
Парламент құрылымы 9 министрліктен тұрады: Біздің министрлер
Құқық және тәртіп министрі-Эрфурт Вероника.
Ақпарат министрі-Ракишева Ажар.
Спорт және салауатты өмір салты министрі-Никита Брюхов.
Өзін – өзі тану және Бақыт министрі (психология) - Штаудаккер Сабрина.
Қамқорлық министрі (еріктілік) – Қазбекова Карина.
Мәдениет және өнер министрі-Белик Артем.
Пікірсайыс қозғалысының министрі-Асафова Венера.
Экология және еңбек министрі - Егорова Виктория.
Балалар қоғамдық ұйымдарының министрі-Юнусова Карина