"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша ЖАДЫНАМА

Әлемдегі короновирустық инфекция бойынша жағдайға байланысты, оның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығың сақтау үшін келесі алдын алу шараларын ұстануыңызды  сұраймыз:

-       вирустық аурулар белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты болдырмау (жөтел, түшкіру, мұрын шырышты қабатының қабынуы, дене қызуының көтерілуі);

-       дене қызуын күніне 2 рет мүмкіндігінше өлшеу қажет;

-       тұрғын үй жайларын тәулігіне 2 рет желдету;

-       тұрғын үй жайларын ылғалды жинау кезінде дезинфекциялау заттарды (құрамында хлор бар заттар, 70% спирт, сірке қышқылы, лимон қышқылы, сода) қолдану қажет;

-       жеке гигиенаны сақтау (жеке сүлгі, сабын, ұстара құралдарын пайдалану және т. б.);

-       қолды сабынмен жуу (әжетханаға барған, қол алысқаннан, көшеден оралғаннан кейін, сондай-ақ тамақ дайындаудан бұрын);

-       қоғамдық орындарда жүргенде көз, мұрын және ауызға қол тигізбеңіз, өйткені лас қолдың жанасуы вирустың шырышты қабатқа түсуіне ықпал етеді;

-       адамдар көп жиналатын жерлерге барғаннан және көшеден қайтқаннан кейін мұрын мен ауыз қуысын (мұрын-жұтқыншақ) әлсіз сода ерітіндісімен шаю;

-       жөтелу және түшкіру кезінде ауызды бір рет қолданылатын майлықтармен немесе орамалмен жабу, содан кейін қолды сабынмен мұқият жуу немесе спирт ерітіндісімен немесе дезинфекциялық сулықтармен өңдеу қажет, содан кейін залалсыздандыру қажет;

-       қоғамдық орындарда жөтеліп немесе түшкіріп жатқан адамдарымен қарым-қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болмаған жағдайда кемінде бір метр қашықтықта дистанцияны сақтау;

-       ЖРВИ белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, көбінесе құрғақ жөтел, қалтырау, денедегі қақсау, мұрын шырышты қабатының қабынуы және т. б.) үйде қалу өзін-өзі емдеумен айналыспау және міндетті түрде жедел медициналық көмек шақыру қажет;

-       короновирустық инфекция бойынша қосымша кеңесті call – орталыққа 1406 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып алуға болады.

Жаңартылған күні: 19.03.2020 09:18
Құрылған күні: 19.03.2020 09:18

Текст