"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы "онкүндігі аясында № 2 ОМ атқарылған жұмыстар туралы ақпарат» 2021 жылғы 2-12 ақпан аралығында

Біз адам санасының шарықтап дамыған уақытында өмір сүру мүмкіндігін алып отырған
ұрпақпыз. Әлемді жайлаған қатерлі дертке қарамастан адам өмір сүруін жалғастырып
жатыр. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап
келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-
рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын және сырлы әлемге толы дүние
екендігін баршаға таныту мақсатында 2021 жылы 2 ақпанда №2 Ақкөл орта «Өзін-өзі
тану» онкүндік бойынша іс-шараның жоспарымен таныстырылды. Дәстүрлі онкүндікті
ұстаздар, оқушылар үлкен қуанышпен қарсы алды.
Онкүндіктің мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту,
оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы
адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен өзара түсіністікке баулу, мейірімділік
пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
3 -ші ақпанда «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, онда мектеп
кітапханашысы Рахметова Роза Сұлтановнаның ұйымдастырылуымен өзін-өзі тану
туралы мағлұмат алатын «Самопознание kz», «Өзін-өзі тану» журналдарының топтамасы
С.Назарбаеваның еңбектері таныстырлымда 2 «А» сынып оқушылары тамашалап келді.
5-ші ақпан күні оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу бағытында «Әлем
мейірімділік пен сұлулыққа толы» тақырыбымен балалардың шығармашылық сурет
көрмесі ұйымдастырылды. Оған балалардың Отан, достық, қайырымдылық, отбасы,
табиғат тақырыптарына салынған суреттері көрмесін ұйымдастырдық.
10-шы ақпан күні « Бақыт ұясы » шығармашылық конкурсқа 1 «А» пен 2 «А» сынып
оқушылар ата-аналары құлшына қатысты. Жеңімпаз деп табылған видеоролик
Инстапарақшасына жүктелді.
Жаңартылған күні: 23.02.2021 16:03
Құрылған күні: 23.02.2021 16:03

Текст