"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл мерейі-ел мерейі

Сабақтың мақсаты:  сайыс ойыны арқылы басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын дамыту және сыныптан тыс уақытта қазақ тілін қолдану үрдісінде ата-аналар мен оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру.

                                                       

                               «Жаса, жаса, қазақ тілім» әні

 

Рухы – қазақ, ұлты өзге болса да,
Тілі – қазақ, ділі өзге болса да,
Тұғыры бір, ұраны бір қазақпен,
Мақсаты бір, арманы бір Алашпен! – дей келе 6а сынып оқушылары мен ата-аналары арасында өткізілгелі отырған «Тіл мерейі-ел мерейі» атты танымдық, тапқырлық сайысына қош келдіңіздер!

 

Бірлік пенен ынтымағы жарасқан

Көгімізде жарқыраған жарық күн

Ырыс, білімі, бақыты үшін баланың

Жасай берсін бірлігі ата-ананың!

 

 -Мы  приветствуем сегодня наших   находчивых ,  родителей на конкурсе «Тіл мерейі-ел мерейі», который проводится в рамках  декады казахского языка и литературы , сонымен қатар 6а сынып оқушыларына да бір қошемет.

-Чтобы  сегодня быть признанным в качестве победителя, участникам необходимо быть эрудированными, активными, решительными, проявить себя в неожиданной ситуации и повести за собой других.

-Бүгінгі  сайысымызға қатысып отырған, оқушылар мен ата-аналарды қошеметпен қарсы алыңыздар:

1 топ «Жұлдыздар» тобы

        

-Ендеше , бүгін  бізге әділ баға беретін  әділ-қазылармен таныс болыңыздар:

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері:

Сейтенова Назгүл Серікқызы

Уразбаева Ботагоз Серікқызы

 

-Сайымыз 6 турдан тұрады, тақтаға назар аударыңыздар:

1.Таныстыру.

2.«Ұшқыр ой, ұтымды сөз» ойыны.

3.Мақал-мәтелдермен жұмыс. Тақырыбы/ Тема  «Отан», «Білім»

4.Өнер сайысы. Творческий номер каждой команды.(домашнее задание)

5.Буриме.

6.Жағдаяттарға байланысты сұхбат

 

 

Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.

І кезең Таныстыру. Әр топ кезекпен өздерін таныстырады

ІІ. «Ұшқыр ой, ұтымды сөз» ойыны.Сергіту сәті

Әр топ  «Ә» , «Қ» немесе «С» әріптердің бірін таңдайды. Берілген сұраққа сол әріптен бастап жауап береді:

1 топтың сұрақтары:

  1. Қазір жылдың қай мезгілі ?
  2. Қазақ тілі пәні ұнай ма ?
  3. Қандай тағамды ұнатасыз?
  4. Қазақстанда қандай жануарлар бар ?
  5. Қандай мақал білесіз ?

2 топтың сұрақтары:

1.Бүгін қандай күн?

2.Қандай арманыңыз бар?

            3.Сіз қай қалада тұрасыз?

            4.Қазақстанда қандай  аңдар бар ?

            5.Сыныпта неше оқушы бар?

2 топтың сұрақтары:

          1.Қандай қаланы білесіз?

          2.Сіз қайдан келдіңіз?

3.Қандай көкөністерді білесіз?

          4.Сенің анаң қандай адам ?

5.Қандай жеміс-жидекті білесіз?

 

ІІІ.   «Сөз көркі- мақал» Мақал-мәтелдермен жұмыс. Тақырыбы «Отан», «Білім»

1 топ:   1. Мектеп- кеме, білім-теңіз

2.Білекті адам бірді жығады, білімді  мыңды жығады.

3.Ғылым - теңіз, білім - қайық.

4.Отан — отбасынан басталады.

5.Туған жердің ауасы да шипа.

2 топ:   Күш - білімде, .....(білім - кітапта).

Ер - елінде, .....(гүл - жерінде).

Оқу инемен құдық қазғандай.

Отан оттан да ыстық.

Туған жерге туың тік.

3 топ:     Кітап - ....(алтын қазына).

Ел іші - ....(алтын бесік).

Оқу - білім бұлағы,
Отансыз адам —
Ормансыз бұлбұл.
 Қыз - елдің көркі, гүл - жердің көркі"

 

4. Буриме

Туған жер - ата қоныс, атамекен,
 Әр ұлттың басын қосқан мекен.
Ауасы  таза, табиғаты сұлу, әсем,
Қазақ елі - ұлы ел, менің өлкем!

 

                                             Көрермендер үшін  викторина:

Қазақстан Республикасының рәміздері?

Қазақстан қандай ел?

Тудың авторы кім?

Бір аптада неше күн бар?

Тіл туралы қандай мақал-мәтел білесің?

Тәуелсіздік күні қашан тойланады?

Бүгін аптаның қай күні?

Бүгінгі іс-шара қалай аталады?

 

 

 

5. Сұхбат. Қатысушылар ұсынылған тақырыпты таңдап сұхбат құрайды: 1. Дәрігерде    2. Әже мен  немеренің әңгімесі  3. Ұялы телефон арқылы әңгімелесу.   ( Ана мен бала арасында)

6. Өнер сайысы.

Әділ-қазылар нәтижесін шығарғанша  «Атамекен» әні орындалады.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,

       Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

 

 

Жаңартылған күні: 23.01.2020 12:10
Құрылған күні: 23.01.2020 12:10

Текст