"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік тұғырым

Мұғалім Еркегул: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді.

Бәрі тік тұрып Әнұранды тыңдайды.

Мұғалім АйгулОтырыңыздар.

 Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:   Қыс.

Мұғалім Еркегул: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.

Балалар:   Желтоқсан,  қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.

Мұғалім Айгул: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:   Қазқақстан Республикасы.

Мұғалім Айгул: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Біздің еліміз Ресеймен бірге болған,елімізді Ресейдің Президенті басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз  басқарады.   Балалар сендер, білесіңдер ме, елбасымыз кім?

Балалар:   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мұғалім Еркегул: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды. Жылда

Желтоқсан Тұңғыш Президент  күні мерекесі болып аталып өтіледі.

Тосын сәт: Есік қағылады. Бүгінгі біздің мерекемізге, «Алтын Адам» келіпті.Ол бізге сиқырлы қорапша алып келіпті.Ал ашып көрелік не бар екен ,жұмбақтар.

Ал мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешеміз бе?

 Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы

Айтатын Әнұран

Қай елдің баласы   (Қазақ елінің баласы)

Еліміздің тірегі,

Жеріміздің жүрегі

Бас қаланың есімін,

Қане кім біледі? (Астана)

Қос пырағым қос қанат,

Шаңырағым күн менің

Шолпан жұлдыз маңдайда.

Елтаңбам ғой бұл менің (Қазақстан мемлекетінің Елтаңбасы)

Көк аспанның түсі бар

Ортасында      күні бар.

Қыран ұшқан  қалықтап ,

Кімнің туы біліп ал.    (Қазақстан мемлекетінң Туы)

Туымыздан күн қарап

Күлімдейді әлемге

Күнмен бірге қандай құс.

Қанат қаққан бар елге   (Қыран)

Мұғалім Еркегул: Есімізге түсірейікші  Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген.

Балалар: Ту. Көк.

Көк ашық аспанды білдіреді.  Қыран құс-еліміздің  тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек  қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не?

Балалар:   Елтаңба.

Мұғалім Еркегул: Дұрыс айтасыңдар.

Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.

Шаңырақ-Қазақстан  атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.

Мынау Әнұран. Кәне, енді маған қарап отырыңдар.

          Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

          Лала, лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

          Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.       

          Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Мұғалім Еркегул: Балалар Тәуелсіздікке арналғанөлеңімізді, тақпақтарымызды айтайықшы.

Хормен «Желтоқсанға қарашы»

  1. Тәуелсіздік тандары
    Бақ береді баршаға
    Көк туымды қолыма
    Бүгін берік ұстадым
    Түсті бақыт жолыма
    Менің Қазақстаным!  Меруерт
  2. Отыз жыл, отыз жыл азаттық,
    Өзімізді құрсаудан да босаттық.
    Ақтадық біз ата-баба үмітін,
    Қолда қазір көк ту менен бостандық.    Жансая
  3. Желтоқсанның қанды суық ызғары,
    Қалың әскер қазағымды қорлады.
    Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
    Отан үшін табандары тозбады.            Інжу
  4. Жүректе намыс оты лапылдаған,
    Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
    Отан үшін олар шығып алаңға
    Қарсы ағып өзендей тасқындаған.     Іңкәр
  5. Болмасам да сол кезде мен сеземін
    Жүректе намыс оты сөнбегенін,
    Ызғарына аяздың төзгендерін,
    Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.    Малика
  6. Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
    Мықты болсын елімнің керегесі.
    Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
    Кетпесін туған жердің берекесі.         Еркебұлан
  7. Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
    Желтоқсанда шықты алаңға жастарын
    Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік
    Дербестікке кім сұрамақ басқа құн?    Ақнұр
  8. Он алтыншы желтоқсан

Он алтыншы желтоқсан –

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік.     Нұрасыл
9. Әлі де шығар аланға Отан үшін
Қарсы аққан өзеннен өтетіндер.
Жүректе намыс оты сөнбейді
Кезінде ызғарына аяздың төзгендей–ақ    Нұрдана
10. Түсінеміз, ұғамыз
Бұл күннің онайлықпен келмегенін.
Еліміз тыныш, халкымыз аман болсын!  Аружан

 

Айгул мұғалім: Отыра қойыңдар. Ал енді балалар, қазір мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер соған жауап беріңдер. Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды және неше жыл толды?

Кәусар: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік алды және егеменді ел болғанымызға 30 жыл толды.

Еркегул мұғалім: «Тәуелсіздік алдық» дегенді қалай түсінеміз?

Нұрдана: Тәуелсіз еліміздің жері теңдігі өзінде және туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.

Мұғалім: Туған ел, Отан туралы мақал-мәтел кім айтады?

Еркебұлан:        Өз елім- өлең төсегім.

Малика:       Өзге елде сұлтан болғанша,

                   Өз еліңде ұлтан бол.

Каусар:      Отан-оттан да ыстық.

Мұғалім: Енді балалар тағы да «Отан», «Қазақстан» туралы тақпақ айтайық.

Шаттық:   Отанды біз атамекен,

                   Деп аялап айтамыз

                   Өйткені оны мекен еткен,

                   Бабамыз бен атамыз.

Ақнұр:  Отан деген атамекен,

                  Отан деген туған жер

                  Отан-Ана, Отан үлкен

                  Қазақстан туған ел!

Мұғалім: Өркениетті ел боламыз келешек,

                   Шет елдерге болмаймыз біз берешек

                  Екі мың отыз келген кезде бұйырса,

                  Елім дейтін, халқым дейтін ер өседі.

                  Аш болмайды, тоқ болады халқымыз,

                  Ешқашанда бұзылмайды халқымыз,

                   Ешқашанда бұзылмайды салтымыз

                  Президентті әрқашанда қолдаймыз,

                  Жастарыма, толық сенім артамыз.

  Жансая:  Әділдік жеңіп соңында.

                    Тәуелсіз болды еліміз

                    Татулықпен бірлікпен,

                    Гүлдей бер, туған жеріміз.

Ақнұр:       Отан туған үйіміз

                   Отан туған жеріміз

                   Отан ортақ үйіміз

                   Көңілді ән мен күйіміз.

 Мұғалім: Кең байтақ туған елім Қазақстан,

                   Мен сені әрқашанда мақтан тұтам

                   Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,

                   Баршаны байлығымен таңқалдырған.

                   Төбеңде көк байрақты желбіретіп,

                   Жасашы, жасай берші Қазақстан!

Мұғалім:

Хормен: Отаным-Қазақстан

 Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінің Желтоқсан оқиғасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Бүгінгі іс қызметіміз қызықты өтті барлықтарыңа мың алғыс,жарайсыңдар.

 

Жаңартылған күні: 21.12.2021 13:53
Құрылған күні: 21.12.2021 13:53

Текст