"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Тіл шебері – 2026»: үш тіл – білімге бастар бір жол

21.09.2026

Тілдер онкүндігі аясында «Ақкөл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында 7–11 сынып оқушылары арасында «Тіл шебері – 2026» аудандық байқауы өтті.

Байқау қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген дарынды, білімді және мақсатшыл оқушылардың басын қосты. Қатысушылар үш тіл бойынша өз білімдерін көрсетіп, сөздік қорын, сауаттылығын, логикалық ойлау қабілетін және өз ойын еркін жеткізе білу шеберлігін танытты.

Мектебіміздің оқушылары байқауда жоғары нәтижелер көрсетті:

🏆 Гусаков Илья – I орын
Мұғалімдері: Шугубаева Г.Б., Ремша Т.Е., Ганькевич И.М.

🥈 Белоусова Полина – II орын
Мұғалімдері: Пермахан Т., Ремша Т.Е., Шупикова Л.М.

🥈 Смагулова Диана – II орын
Мұғалімдері: Уразбаева Б.С., Алимбаева Л.Ж., Шупикова Л.М.

🥈 Найбауэр Милана – II орын
Мұғалімдері: Удешева К.Е., Алимбаева Л.Ж., Ермекова А.Н.

Оқушыларымызды лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңістер – оқушылардың табандылығы мен білімге деген ұмтылысының, сондай-ақ ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Қатысушыларды дайындаған ұстаздарға, қазылар алқасына және аудандық байқауды ұйымдастыруға атсалысқан барша әріптестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз.

«Тіл шебері – 2026» байқауы бірнеше тілді меңгеру – білім мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын, ал әр тілге құрметпен қарау өзара түсіністік пен достықты нығайтатынын тағы бір мәрте көрсетті.

Барлық қатысушыларға жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!

Просмотров: 291


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

¬ŠS±?ÿ]£jù޷ýc³ôœF#í°*ȥ;sÿõÚ6¯�ëÖ;?IÄb>
Текст