Текст
15.09.2026
9 қыркүйекте мектебімізде 2-сынып оқушыларына арналған мектебіміздің психологі Бейсенова С.О.«Қарым-қатынас: сенім, қамқорлық және шекаралар» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында оқушылар бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасаудың, өзара сенім мен қамқорлықтың маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтті. Балалар жеке шекараны құрметтеу, өз ойын әдепті жеткізу, бір-бірін тыңдау және достық қарым-қатынас орнату дағдыларын түрлі ойындар мен қызықты жаттығулар арқылы меңгерді.