Текст
Буллингтің, оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу аясында Ақкөл ауданы ІІБ, прокуратура, білім бөлімінің қызметкерлері жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді. Әңгіме барысында оқушылар қорқытудың құрбаны болмау туралы ақпарат алды, сондай-ақ нақты оқиғаларға негізделген бейнероликті көрді.