Мемлекеттік қызмет
"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқасын беру"
Негізгі орта білім туралы аттестат, жалпы орта білім туралы аттестат және оларға қосымша (бұдан әрі – телнұсқа) беру жоғалған немесе жарамсыз болып қалған құжаттардың орнына беріледі.
Телнұсқаны беру үшін негіз болып табылады:
Құжатты жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) мән-жайлар баяндалатын білім беру ұйымы басшысының атына өтініші.
Білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Тегі (Аты, Әкесінің аты (бар болса)) өзгерген және (немесе) білімі туралы құжат бүлінген кезде білімі туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.
Телнұсқа өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей тегін негізде беріледі.