«Ақмола облысы бiлiм басқармасының Ақкөл ауданы бойынша бiлiм бөлiмi» КММ 2024 – 2025 оқу жылына бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет «Электрондық үкімет» egov.kz порталында ағымдағы жылдың 1 сәуірден басталатынын хабарлайды.
өтініштер 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін қабылданады.
балалар қабылданады. Қабылдау даярлық деңгейіне қарамастан білім беру
ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың
қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
арқылы жүзеге асырылады.
1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
❌ Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті
алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған
құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 546 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 тіркелген) Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы.
1 сыныпқа оқуға түсуге өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға төменде
көрсетілген мемлекеттік қызметтерді композиттік форматта (бір өтінішпен) алуға мүмкіндік беріледі:
Міндетті қоса берілетін құжаттар:
Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін-алынған табыстары туралы құжаттардың электрондық көшірмесі (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі табыстар туралы анықтама).
шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган шешімінің электрондық көшірмесі.
2) «Шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» (тек ауылдық елді мекендер үшін ғана қолжетімді).