"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар ұйымы «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанаты

24.10.2025

Біздің мектепте бастауыш сыныптың 35 үздік оқушысын «Жас Қыран» балалар ұйымына қабылдау салтанаты өтті. Бұл күн оқушылар үшін ерекше, толқулы және қуанышты сәтке айналды.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Балалар ант беріп, адал, еңбекқор болуға, үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқорлық көрсетуге және «Жас Қыран» төсбелгісін мақтанышпен тағуға уәде берді.

Мектеп директоры мен ұстаздар құттықтау сөз сөйлеп, жас қырандарға оқуда табыс, белсенділік пен ізгі істер тіледі.

«Жас Қыран» ұйымы – жас патриотизмнің, достық пен жауапкершіліктің белгісі. Ұйым қатарына қабылдану – отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы маңызды қадам.

Жаңа мүшелерге әрдайым белсенді, мейірімді, батыл болып, Қазақстанның мақтанышы атануларына тілектеспіз!

Просмотров: 195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Текст