31.10.2025
Мектепте «Қазіргі жағдайда білім беру үдерісінің сапасы: оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу, PISA зерттеуіне қатысу нәтижелері және инклюзивті білім беру қағидаттарын жүзеге асыру» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Кеңестің басты мақсаты – 2024–2025 оқу жылының бірінші тоқсанындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысын шығару және білім беру сапасын арттырудың тиімді бағыттарын айқындау болды.
№1 педагогикалық кеңестің шешімдерінің орындалуы туралы — мектеп директоры Ганькевич И.М. барлық тапсырмалардың уақытылы орындалғанын және жоспарланған іс-шаралардың белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Оқу-тәрбие үдерісінің 1-тоқсан қорытындылары — оқу-тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары оқушылардың үлгерім мониторингін ұсынып, білім сапасының оң динамикасын және оқу бағдарламасын меңгеру деңгейінің артқанын айтты.
«Адал Азамат» бағдарламасын мектептің тәрбие жүйесіне енгізу тиімділігі — Шовкань Т.А., Васильева В.В., Уразбаева Б.С., Габбасова Ш.К. педагогтар оқушылар арасында азаматтық ұстанымды, адалдық пен жауапкершілікті қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстармен бөлісті. Бағдарлама аясындағы үздік тәжірибелер мен жобалар таныстырылды.
PISA халықаралық зерттеуі – оқушылардың білім сапасын арттыру құралы ретінде. 2024 жылғы қатысу нәтижелері — мектеп директоры Ганькевич И.М. халықаралық зерттеулерге қатысудың оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалаудағы және пәндерді оқыту әдістемесін жетілдірудегі маңызын атап өтті.
Инклюзивті білім беру парадигмасы — оқу ісінің меңгерушісі Васильева В.В. ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жасалған жағдайлар, инклюзия кабинеті жұмысы, жеке оқу маршруттары мен қолдау мамандарының қызметі туралы баяндады.
«Bilim Class» электрондық журналының сапалы толтырылуы туралы — оқу ісінің меңгерушісі Михайлова Ю.Н. педагогтерге оқу құжаттамасын уақтылы және дұрыс толтырудың маңыздылығын, Білім беру министрлігінің талаптарын орындау қажеттілігін еске салды.
Педагогикалық этика нормаларын сақтау – оқушылармен, ата-аналармен және әріптестермен тиімді қарым-қатынастың басты шарты — кеңес соңында мұғалімдер кәсіби мәдениет, педагогикалық әдепті сақтау және мектептің оң имиджін қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Кеңесті қорытындылай келе, мектеп директоры Ганькевич И.М. педагогикалық ұжымға бірінші тоқсандағы нәтижелі еңбегі үшін алғыс білдіріп, білім сапасын арттыру тек бірлескен еңбек, кәсіби даму және инновациялық тәсілдерді тиімді енгізу арқылы мүмкін болатынын атап өтті.