06.03.2026
Көктемнің тамаша мерекесі – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектепте адамзаттың әсем жартысына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шара жылы әрі қуанышты атмосферада өтіп, қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар мен жарқын әсер сыйлады.
Мерекеге мектептің мұғалімдері мен қызметкерлері шақырылды. Жиналған қауымды мектеп басшылығы құттықтап, әйелдерге олардың еңбегі, мейірімділігі, даналығы және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Мектеп оқушылары мазмұнды концерттік бағдарлама дайындады. Сахнадан әсем әндер шырқалып, әсерлі өлеңдер оқылып, жылы лебіздер айтылды. Оқушылар аналарға, әжелерге және сүйікті ұстаздарға арналған би билеп, көріністер қойып, музыкалық шығармалар орындады. Әрбір номер жылылыққа, шынайылыққа және алғысқа толы болды.
Мерекелік көңіл-күйді ерекше сезіндірген оқушылардың шығармашылық өнері көрермендерге қуаныш, шаттық және көктемгі көңіл күй сыйлады. Зал бірнеше рет ду қол шапалаққа бөленді.
Бұл мерекелік концерт мектеп өміріндегі жарқын оқиғалардың бірі болып, әйелдерге деген құрмет пен ізет, жылы сөздердің маңыздылығын тағы да еске салды. Бұл күн барлық қатысушыларға қуаныш, жылулық және көтеріңкі көңіл күй сыйлады.