Текст
06.04.2026
Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (МОДО) дайындау мақсатында мектепте сынама тестілеу жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты – оқушылардың дайындық деңгейін анықтау, біліміндегі олқылықтарды табу және тест тапсырмаларын орындау дағдыларын қалыптастыру.
Сынама МОДО нақты тестілеу жағдайына барынша жақын форматта өткізіледі. Бұл оқушыларға тапсырма құрылымына бейімделуге, уақытты тиімді бөлуге және қобалжуды азайтуға мүмкіндік береді.
Нәтижелерді талдау барысында:
Мұғалімдерге тест нәтижелерін оқу процесін жетілдіру, жеке жұмыс жүргізу және қорытынды бағалауға дайындықты күшейту үшін пайдалану ұсынылады.
Сынама МОДО білім сапасын арттыруға және оқушылардың өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға ықпал етеді.