28.05.2026
5 мамыр күні мектебімізде түлектер үшін аса маңызды әрі әсерлі мерекелердің бірі – Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараның құрметті қонақтары Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Кенжетай Саят Ержанұлы және Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Ахметова Катима Амантаевна болды. Қонақтар түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, алдағы емтихандарға сәттілік, зор жетістіктер мен жарқын болашақ тіледі.
Әдеттегідей мектеп директоры Ганькевич Инна Маратовна 11-сынып оқушыларына жылы тілегін арнап, ақ жол тіледі.
Мектебіміздің ең кішкентай оқушылары – бірінші сынып оқушылары да шет қалмады. Олар түлектерге арнап өлең оқып, әсем ән орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Соңғы қоңырау мерекесі барша түлектер үшін есте қаларлық жарқын сәттерге толы ерекше күн болды.