02.06.2026
1 маусым – бүкіл әлемде аталып өтетін Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке балалардың құқықтарын қорғауға, олардың амандығы мен бақытты өмір сүруіне қоғамның назарын аударуға бағытталған.
Балалар – еліміздің болашағы, халқымыздың ең қымбат байлығы. Әрбір бала дені сау, білімді, тәрбиелі болып өсуге құқылы. Сондықтан олардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына жағдай жасау – ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.
Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Балаларға арналған концерттер, спорттық жарыстар, ойын-сауық бағдарламалары өткізіліп, олардың көңілді демалуына мүмкіндік жасалады.
Балаларды қорғау күні бізге олардың құқықтарын құрметтеудің, мейірім мен қамқорлық көрсетудің маңызын еске салады. Әрбір бала бақытты балалық шаққа, сапалы білім мен жарқын болашаққа лайық.
Балаларымыз әрдайым аман, дені сау болып, еліміздің мақтанышына айнала берсін!