"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты

22.06.2026

 

2026 жылғы маусым айында Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Ақкөл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11-сынып түлектеріне аттестат тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.

Бұл күн – мектеп бітіруші түлектер, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін ерекше әрі толқынысқа толы мереке болды. Он бір жыл бойы жинаған білімдері мен еңбектерінің нәтижесінде түлектер орта білім туралы аттестатқа ие болды.

Мерекелік шара барысында мектеп директоры Ганькевич Инна Маратовна түлектерді мектепті сәтті аяқтауларымен құттықтап, алдағы өмір жолында табыс, биік мақсаттарға жету, дұрыс таңдау жасап, ел болашағына қызмет ететін азамат болып қалыптасуларына тілектестік білдірді.

Салтанатты жиында оқу мен қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен түлектерге ерекше құрмет көрсетілді. Сондай-ақ «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың жетістіктері аталып өтіп, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан түлектер марапатталды.

Шара барысында сынып жетекшілері мен ата-аналар түлектерге жүрекжарды тілектерін арнап, олардың болашақтарына сенім білдірді. Өз кезегінде түлектер ұстаздарына және ата-аналарына білім мен тәрбие бергені, әрдайым қолдау көрсеткені үшін шынайы алғыстарын жеткізді.

Мерекелік кеш ән-бимен, шығармашылық нөмірлермен және әсерлі құттықтаулармен жалғасты. Бұл күн мектеп өмірінің жарқын бір белесін қорытындылап, түлектер үшін жаңа өмірге бастар маңызды қадамға айналды.

Мектеп ұжымы 2026 жылғы түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтай отырып, оларға жоғары оқу орындарына сәтті түсуіне, армандарының орындалуына, жаңа жетістіктер мен жарқын болашақ тілейді!

Ақ жол, жас түлектер!

Просмотров: 311

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Текст