Текст
08.09.2026
Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай мектебімізде тағылымы мол мерекелік салтанатты саптүзеу өтті.
Мерекелік шара барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлең оқып, ән орындап, көптілді елдің жас ұрпағы ретінде өз өнерлерін көрсетті.
Мектеп директоры Ганькевич Инна Маратовна ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтап, тілдің адам өміріндегі және қоғамдағы маңыздылығына тоқталды.
Тіл – халықтың қазынасы, ұлттың жаны!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тілдер күнімен құттықтаймыз!