"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын күз»

22.10.2018

Тақырыбы : «Алтын күз»     

  Мерекеге сай

безендірілген топ. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Оқушылар топқа билеп кіреді.

Құрметті ата – аналар бүгінгі «Күз мереке, күз береке» және «Мен оқушы атандым» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер.

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

- Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен.

- Бүгін бізде жарыс өтеді. Ұлдар арасынан ең ақылды көрікті ағашты, ал қыздар арасынан көркіне ақылы сай «күз аруын» таңдап аламыз.

Ол әрине алдағы тапсырманы балалардың орындауына байланысты. Оны анықтау үшін әділқазы тағайындайық.

- Ал, қазір балалар орындауында күз өлеңін қарсы алыңыздар.

1. «Алтын күз» әні

2.

-       Келесі

балалардың тақпағын қабыл алыңыздар.

Қарашы күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді

 Құс піткен керуен  тізеді

Қара бұлт қабағы түйеді  

                                       (Арай)

 

     Шөп сарғайып

     Ағаш қурап

     Гүлдер де солады

      Жаңбыр жауып

     Жел соғады

     Бұзылады табиғат        

                              (Нұрдаулет)

 

 

     Думан толы асқарлы

     Күз мезгілі басталды

     Күз әуені кеп жетті

     Әнге бөлеп жастарды  

                              (Аяжан)

 

     Жұлдыз туып таң алды

     Әнде орап ғаламды

     Сазды әлем шаттыққа

      Бөледі бар әлемді     

                                (Сұлтан)

 

     Жеміс – жидек пісті

     Қамбаға астық түсті

    Қызу жұмыс басталып

     Жинап алды, жан салып   

                               (Гүлжан)

 

   Қоңыр салқын тарады,

   Қойнаулар мен сайлардан

   Қаздар қайтып барады

   Қайтқан елдей жайлаудан   

                                 ( Данияр)

 

  Нұрға бөлеп өмірді

  Жырға бөлеп өмірді

  Жарқыраған сәулелі

  Күз әуені төгілді  

                               (Ләйсана)

 

Соңғы шумақ төгіліп

Жалтылдап тұр аймақ

Ақ сәулеге шомылып

Жапырақтар жүр ойнап   

                                (Әли)

Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет тамаша

Қандай әдемі күз 

                                 (Ғани)

 

-       Келесі

«Бауырсақ»  ертегісін балалар ойнауында

қабыл алыңыздар.

4. «Көңілді балақай»  биі

5. «Ұстаз» әні

6. «КІм тапқыр?» ойыны.  Жұмбақ шешу

 

Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.Бұл не?

                                  (Сәбіз)

 

Жайлы, жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін

Қабат-қабат

тоным бар

Қалай

оны шешемін.

Бұл не?

                     

(Орамжапырақ)

 Қалың

киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

Бұл не?

                     

(Пияз)

Аспай піскен, қайнамай түскен.

                     

(Жеміс)

 

Пісетін кезі дәл Күзде

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты-(шабдалы)

 

Кіп-кішкене

болса да,

Ағаштың

басын иеді.

Жемістерін

айырып,

Танисың

ба...?(шиені)

 

 

 Жапырақты тасалап,

Өсетін жері- бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты....(таңқұрай)

 

7 .Сөз талдау.

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу

бойынша үйреткен білімдерін көрсету.

 

 8. – Балалар орындауында «Қуыршақ» әні.

 

9. «Кім көп біледі?» ойыны

Шарты: Оқушылардың дүниетану,

жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін көрсету.

-      

Қазір қандай мезгіл?

-      

Неше жыл мезгілі  болады?

-      

Күз айлары қандай?

-      

Табиғат нешеге бөлінеді?

-      

Тірі табиғатқане жатады?

-      

Өлі табиғатқа не жатады?

-      

Қандай жануарларды білеміз?

-      

Жануарлар нешеге бөлінеді?

-      

Құстардың қандай түрлерін білесіңдер?

-      

Өсімдіктерге не жатады?

10. «Жау – жау жаңбыр» өлеңі

11. «Кім шапшаң» ойыны

Шарты: Оқушылар амалдар шығарып

жарысады.

5+5   6+ 4  

3 – 2   4 + 1    9 – 4   

10 – 9   10- 5    7 – 2  

5 + 4   8 + 2   10 – 10    

Сандарды салыстыру: 9 * 5   6* 

8    7* 5    4  *

6   7 * 7    6 * 2  

Көршісін атау: 9; 5;4; 6;  3; 5; 2; 1.

 

12. Логикалық есеп

* Сөреде 5 қызыл пиала және 1 көк пиала тұр. Сөреде неше пиала тұр?

* Далада 1 қой, 1 ешкі жүр. Сонда мен олардан неше аяқ көріп тұрмын?

* Бөлменің төрт бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысықтан отыр. Бөлмеде мысық саны нешеу?

* Бос  стақанда неше жаңғақ бар?

13. «Ертегі» өлеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 489


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст