«Өмір жолы – аудан тарихында»
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақкөл ауданында «Ақкөл мақтанышы» жобасы басталды. № 2 АОМ жоба бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан дамуына үлкен үлес қосқан, мектеп бітірушілердің өмір жолы зерделенуде.
Мектеп түлектерінің үздігінің бірі Падалко Валерий Павлович. Валерий Павлович 30 тамызда 1954 жылы Алексеевка қаласында туған. Өз өмірін Ақкөл ауданының дамуына арнаған. Еңбек жолын слесарь қызметінен бастаған. Соңғы
жұмыс орны - Ақкөл аудандық әкімшілік аппаратының басшысы. Валерий Павлович мемлекеттік қызметте 35 жылдай жұмыс істеген. Ол аудан халқының және аудан белсенділерінің, әріптестерінің алдында беделді болған.
14 ақпанда өткен кездесуде жұбайы Светлана Ивановна Валерий Павлович туралы үлкен махаббатпен және жылылықпен айтты. Олар 40 жыл өмір сүріп, қыз бен ұл тәрбиелеп, олар да жауапты мемлекеттік қызметті таңдап, немерелерін өсірді. Светлана Ивановна Валерий Павловичты мектепте белсенділердің қатарында болып, комсомолдар қатарына алғаш енгендердің бірі екенін еске алды.