10-11 сыныптарға арналған тапсырмалар
(2017-2018 оқу жылы)
Оқылым
E-mail хат
Құрметті досым, Дархан! Туған күніңіз құтты болсын! Сізге бақыт, қуаныш, денсаулық тілеймін. Жақсылықта кездесейік!
1. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз.
Құрметті Дархан, ... кездесіп отырайық!
A) тойларда
B) жақсы істерде
C) жақсы күндерде
D) туған күндерде
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
A) Досы Дарханды
сыйлайды.
B) Досы жақсы тілектер жазып жіберді.
C) Дархан досын туған күнімен құттықтады.
D) Оның туған күніне арнайы хат жазып жіберді.
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Театр көктемі – 2013» фестивалі өтті. Өнер мерекесі Қазақстанның халық әртісі Камал Қармысовтың 100 жылдығына арналды.
3. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз.
Фестиваль ... арналды.
A) халық әртісіне
B) театр әртістеріне
C) көктем мерекесіне
D) театрдың100 жылдығына
4. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
A) «Театр көктемі» фестиваліне 100 жыл.
B) Қазақ театры М. Әуезов есімімен аталады.
C) Өнер мерекесі мемлекеттік театрда өткізілді.
D) Халық әртісінің туылғанына бір ғасыр болды.
Сазгер жауабы
Біржас жігіт Моцарттан симфонияны қалай жазу керектігін сұрапты:
– Сіз әлі жассыз. Алдымен баллададан бастамадыңыз ба? – дейді Моцарт.
– Сіз де симфонияны он жасқа толмай жаздыңыз ғой, – деп ренжиді жігіт.
– Иә, бірақ мен қалай жазу керек екенін ешкімнен сұраған жоқ едім, – деп жауап береді сазгер.
5.Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз.
Моцарт симфонияны ... жазады.
A) жас кезінде
B) он жасында
C) жігіт болғанда
D) он жасқа келмей
6. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
A) Жас жігіт симфония жазбақшы.
B) Сазгералдымен баллада жазады.
C) Моцарт баллада жазуды ұсынады.
D)Жігіт сазгердің ұсынысына ренжиді.
7. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
A) Ең алдымен баллададан бастаған дұрыс.
B) Моцарт симфония жазу туралы кеңес береді.
C) Моцарт жас жігітке симфония жазуды үйретеді.
D) Жігіт симфонияның қалай жазылатынын ешкімнен сұрамады.
Оқылым
Рудный қаласында тұратын Ұлтай Сыздық 107 жаста. Әжей бір ғасырдан аса өмір сүрді. Өз өмірі туралы айтудан шаршамайды. Ұлтай әже өзін бақытты сезінеді. Өзінің тоғыз баласынан 25 немере, 8 шөбере көрді. Сондай-ақ шөпшектері де бар. Олардың ортасында болуды бақыт деп санайды. 107 жасқа келсе де, әжей үй шаруасына көмектесіп отырады.
8. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз.
Рудный қаласында ... тұрады.
A)107 мың адам
B) тоғыз шөбересі
C) жүзден асқан ана
D) әжейдің бір шөбересі
9. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
A) Ол отбасына көмектесіп тұрады.
B) Әжей өмірі туралы сүйсіне айтады.
C) Әжей отбасының ортасында бақытты.
D) Әжей кенже ұлының қолында тұрады.
10. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
A) Әжей өмірі туралы көп айтпайды.
B) 107 жастағы әжей – бақытты адам.
C) Әжей бір ғасырға жақын өмір сүрген.
D) Немерелері үй шаруасына көмектеседі.
11. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
A) Ұлтай әжейдің бақыты неде?
B) Ұлтай әже қай жылы өмірге келді?
C) Үлкен баласынан неше немересі бар?
D) Бір ғасырдан аса өмір сүрудің сыры неде?
Аққуларды билеткен күй
«Қыз Жібек» фильмінде Төлеген мен Жібек кездескен жерде махаббаттың символы ретінде көлде жүзіп жүрген аққуларды көрсетеді. Түсірілім кезінде аққулар бір-біріне жақындамаған. Су астында жүрген арнайы мамандар аққуларды қосуға қанша қимыл жасаса да, олар екі жаққа жүзіп кетеді екен. Сол кезде фильм режиссері Сұлтан Қожықов Нұрғиса Тілендиевпен ақылдасып, оның аудиотаспаға жазылған «Аққу» күйін қосады. Күйді естіген кезде ғана екі аққу бір-біріне жақындап, бастарын қосып, жай ғана билей бастапты.
12. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
A) Аққулар бірден билей бастады.
B) Аққуларды арнайы мамандар билетеді.
C) «Аққу» күйінің авторы – Н. Тілендиев.
D) «Аққу» – «Қыз Жібек» фильміне арналған күй.
13. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
A) Фильмде аққулар биі нені білдіреді?
B)«Қыз Жібек» фильмі қайда түсірілді?
C) Аққулар неге екі жаққа жүзіп кетеді?
D) Режиссер фильмді қанша уақыт түсірді?
14. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
A) фильм, аққу, күй, би
B)Қыз Жібек, Төлеген, күй
C) махаббат, аққу, арнайы мамандар
D) фильм, режиссер, Төлеген мен Жібек
15. Мәнмәтіндегі (контекстегі) асты сызылған сөздің мағынасын ашыңыз.
Күйді естігенде екі аққу бір-біріне жақындап, бастарын қосып, жай ғана билей бастапты.
A) әзер
B) әлсіз
C) тыныш
D) ақырын
16. Мәтін мазмұнына сәйкес сұраққа жауап беріңіз.
Көлдегі аққулар неліктен билей бастайды?
A)Күйді естіген соң
B) Бір біріне қосылғаннан соң
C) Бір жаққа жүзе бастағаннан кейін
D) Арнайы мамандар қимыл жасағаннан кейін
Оқылым
Адам өмiрге келедi, зейнет iздейдi, бақыт табады. Әр адамның өмiрлiк мақсаты болуы тиiс. Өзiне жүктелген мiндеттi дұрыс ұғыну – қиын нәрсе, ал оны адал атқару – одан да қиын. Сол себептi де әркiм дүниеге ашық та ойлы көзбен қарауға, өзiнiң адамдық парызын толық түсiнуге мiндеттi. Бұлай болмаса, негiзгi мақсатқа жету мүмкiн емес. Мен ұшақта осылай ойладым.
– Ой көп, iстелетiн iс одан да көп. Бiр күнi қарын тойса, қырық күн аш болғанын естен шығаратын небiр жалқау диқанды көрген едiм. Бүгiнiн емес, ертеңiн, ертеңiн емес, екi жылын ертерек ойламаған диқан – диқан емес.
Менiң осы сапарымның өзi – болашақтың қамы. Мәскеуге бара жатқанмен, менiң бар ойым аулымда, өз жерiмде қалды. Мәскеуге менi ұлы мақсат әкеле жатыр.
– Ыбеке, сiз осы отырғанда, болашақ жайлы ойлап отырсыз. Мен селк еттiм. Бұл көршiм қазақтың аяулы ұлдарының бiрi – академик Қаныш Сәтбаев едi. Ол Алматыда ұшаққа отырарда, біреулермен келiсiп, менi өз қасына отырғызып алған.
– Ыбеке, көршi болайық. Сөйлесейiк. Әңгiме айтыңыз, – деді.
– Сөйлей бiлген жақсы, тыңдай бiлген одан да жақсы, – дедiм мен қалжыңдап.
– Әрине, – дедi Қаныш күлiп. – «Жақсының сөзiнен тас балқиды, жаманның сөзiнен бас қаңғиды» деген. Сiз әңгiме айтсаңыз, тыңдауға ерiнетiндер табылмас.
17. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
A) Бұл сапардың өз мақсаты бар.
B) Қаныштың әңгімесі өте қызықты болды.
C) Ыбекең – адамдық парызын түсінетін жан.
D) Қаныш пен Ыбекең болашақтың қамын сөз қылды.
18. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
A) Жолаушылар болашақ туралы не айтты?
B) Мәскеуде олардың әңгімесі жалғасты ма?
C) Негізгі мақсатқа жету үшін қандай болу керек?
D) Академиктің Мәскеуге сапарының мақсаты қандай?
19. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
A) ұшақ, дүние, әңгіме, адам
B) диқан, академик, ұшақ, Алматы
C) өмір, болашақ, академик, Мәскеу
D) өмір, мақсат, ұшақ, болашақ, әңгіме
20. Мәтін мазмұнына сәйкес сұраққа жауап беріңіз.
Ұшақта Қаныш пен Ыбекең қалай көрші болды?
A) Екеуі Алматыдан бірге шығады.
B) Ыбекең Қанышты қасына шақырады.
C)
Екеуі
билетке бірге тапсырыс береді.
D)
Сәтбаев
оны жанына отырғызып алады.
21.
Мәтін
бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
A)
Әркім
дүниеге анық көзбен қарап, адамдық парызын түсінбесе, негізгі мақсатқа жету
мүмкін емес.
B)
Адам
өз міндеттерін адал атқарып, дүниеге ашық көзбен қарай білмесе, негізгі
мақсатына жете алмайды.
C)
Міндеттерді
ұғыну, оларды адал атқару, дүниеге ашық және ойлы көзбен қарау, адамдық парызын
түсіну негізгі мақсатқа жеткізеді.
D)
Өзіне
жүктелген міндетті дұрыс ұғыну – қиын нәрсе, ал оны адал атқару – одан да қиын,
сондықтан әркім дүниеге ашық та ойлы көзбен қарау керек.
22.
Мәтінге
нақтырақ тақырып таңдаңыз.
A)
Ұшақта
болған жағдай
B)
Мақсатқа
жету жолдары
C)
Болашақ
туралы келген ой
D)
Адамның
өмірлік мақсаты
23.
Мәнмәтіндегі
(контекстегі) асты сызылған сөз тіркесінің мағынасын ашыңыз.
«Жақсының
сөзiнен тас балқиды, жаманның сөзiнен бас қаңғиды» деген. Сiз әңгiме айтсаңыз, тыңдауға
ерiнетiндер табылмас.
A)
тыңдауға
ерінеді
B)
тыңдауға
ерінбейді
C)
тыңдағысы
келмейді
D)
тыңдаушылар
табылмайды
Оқылым
Ерте кезде тауда бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті.
Өзгелерге батырлығымен үлгі болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш
балапан тауыпты. Балапандардың қанаттары қатып, ұшуға аз уақыт қалғанда бүркіт
үш балапанын қысып, теңізге қарай алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол балапандарын
соңғы рет тексеру үшін былай деп сұрапты: – Мен сендерді жақсылап өсіргенімді
өздерің білесіңдер. Ертең өскен соң, сендер маған қандай жақсылық жасайсыңдар?
Біріншісі айтыпты: – Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін барлық жағдайыңды
жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт
бұрышын түгел аралатамын, барлық тамашаларды көзіңмен көретін боласың.
Бүркіт
басын шайқап, балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңізге батып
кетіпті. Сосын екіншісіне бұрылып: – Ал сен не айтасың? – депті. Екіншісі
айтыпты: – Анашым, мен сені ел аралатып, шаршатпаймын. Ғаламның барлық
кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп беремін. Бүркіт тағы да басын шайқап,
екінші балапанын да біріншінің соңынан лақтырып жіберіпті.
Бүркіт
үшінші балапанына бұрылып былай депті: – Ал, сен мені қалай асырайсың? Сонда
үшінші балапан былай депті: – Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы
шындықты айтайын. Маған жасаған жақсылықтарыңның көп екенін жақсы білемін. Оның
бәрін саған қайтаруға менің барлық өмірім жетпейтінін де жақсы білемін.
Дегенмен, мен оған әлемді аралатпаймын, неше түрлі кереметтерді алдыңа алып
келмеймін. Мен сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма
жасау үшін өмір сүретін боламын.
Кәрі
бүркіт сонда ғана ұзақ дем алып: – Біздің үйдің атын шығарар, қыран деген атқа
лайықты бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті, – деген екен.
24.
Мәтінге
сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
A)
Кәрі
бүркіт 3 баласына риза болды.
B)
Бүркіт
балапандарын мәпелеп өсірді.
C)
Екі
баласы өздері үшін өмір сүреді екен.
D)
Балапандарына
дұрыс тәрбие бергеніне көзі жетті.
25.
Мәтінде
жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
A)
Кәрі
бүркіт балапандарын немен асырайды?
B)
Балапандары
анасына қандай жақсылық істеді?
C)
Бүркіт
соңғы балапанын теңізге неге лақтырмады?
D)
Бүркіт
балапандарын сынағаннан кейін, қалай өмір сүреді?
26.
Мәтіндегі
басты тірек сөздерді табыңыз.
A)
қыран,
теңіз, жақсылық жасау
B)
балапан,
ана, дүние, өтірік, ұрпақ
C)
ана,
балапандары, жақсылық жасау
D)
бүркіт,
балапандары, соңғы рет сынау
27.
Мәтін
мазмұнына сәйкес сұраққа жауап беріңіз.
Кәрі
қыран бірінші балапанын теңізге неге лақтырады?
A)
Бірінші
балапан ащы шындықты айтқан.
B)
Балапанның
қанаты қатайып, ұшуға дайын деп шешкен.
C)
Бірінші
балапан өмірдің мәнін дұрыс түсінбегеніне көзі жетті.
D)
Бірінші
балапанның сөзіне сенбей, өтірік айтқанына ренжіген.
28.
Мәтін
бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
A)
Балапандары
анасына барлық жағдай жасайды, қанатына мінгізіп жүреді, дүниенің төрт бұрышын
аралатады, бүкіл тамашаларды көрсетеді.
B)
Үш
балапаны дүниенің төрт бұрышын аралатады, ғаламның барлық кереметтерін алдына
әкеледі, барлық тамашаларды көретін болады.
C)
Бірінші
балапан дүниежүзін аралатады, екіншісі ғаламның кереметтерін алдына әкеледі,
үшіншісі көрген жақсылықты өз балапандарына жасайды.
D)
Біріншісі
анасының барлық жағдайын жасайды, екінші балапан ғаламның барлық кереметтерін
көрсетеді, үшіншісі өз балапандары үшін өмір сүреді.
29.
Мәтінге
нақтырақ тақырып таңдаңыз.
A)
Баланың
бақыты
B)
Ана
туралы аңыз
C)
Бүркіттің
соңғы сынағы
D) Қыранның үш балапаны
30. Мәнмәтіндегі (контекстегі) асты сызылған сөз тіркесінің мағынасын ашыңыз.
Балапандардың қанаттары қатып, ұшуға аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын қысып, теңізге қарай алып шығыпты.
A) ұшу
B) есею
C) ерте өсу
D) аяғынан тұру