"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жолдау толқындары

05.02.2018

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында

қолдан келетін мүмкіндіктерді айқындап, Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін арттыруға назар аударды. Биылғы Жолдау ерекше, өйткені 10 бағыттардың бірі білім саласында болатын тың өзгерістер көзделген. Әрине, мұндай жаңашылдық мәселелер ұстаздар қауымын бейжай қалдырған жоқ. Жолдау бізге болашаққа сенімділік, жаңа серпін бергендей болды, себебі мұнда мұғалімдер үшін, оқушылар және мектеп үшін өте маңызды мәселелер қозғалды деп ойлаймыз.

Елбасы өз сөзінде: «Болашақта еңбек етiп, өмiр сүретiндер бүгiнгi мектеп оқушылары, мұғалiм оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейдеболады. Сондықтан

ұстазға жүктелетiн мiндет өте ауыр» - деп мұғалiм рөлiн жоғары бағалады. Қазіргі таңда, мұғалімдер ұжымы жаңашылдық технологияларды меңгеріп, үлкен жетістіктерге қол жеткізуде, сондықтан Елбасы Жолдауында айтылған білім саласының дамуындағы жаңа баспалдақтарын оңтайлы қабылдап, жүзеге асыруға дайын. Үш тілдің тұғырлығын енгізу жолдары да оқу-тәрбие үрдісінің дамуына өз септігін тигізеді деген ойдамыз. Бұл ретте алға қойған мақсат­тарымызға жету үшін бірлесе қызмет атқаруымыз қажет. №2 Ақкөл орта мектебінде Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына арналған Жолдауы педагогикалық кеңесте, ата-аналар жиналысында, сынып сағаттарында кеңінен талқыланды. Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда мақсатты жұмыстар басталып та кетті. Соның бірі мектеп кітапханашысы ұйымдастырған «Жолдау беттерінен...» атты ақпараттық сағаты оқушылардың көңілінен шықты деуге болады, өткізіліп жатқан шаралар мектеп сайтында өз көрінісін тапты. Біздің мақсатымыз келешек ұрпаққа жан-жақты білім бере отырып, оларды әлемдік деңгейдегі тұлға ретінде көруге қол жеткізу.

Просмотров: 369


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст