«Шаңғы шақырады - 2018»
Әр жыл мезгілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Соның бірі қыс мезгілі. Қыстың тамаша табиғатымен байланысатын қысқы спорт түрлері де өте көп. Қазақстан Республикасында қысқы спорт түрлеріне ерекше назар салынуда. Спорт түрлерін дамыту мақсатында барлық іс - шаралармен, жағдайлар жасалып жатыр. Өз елімізде Азияда ойындары өткеннен кейін қысқы спорт түрі дами түсті. Соны ескере отырып Қазақстанның әр өңірінде мектеп ішілік
қысқы спорт ойындарына арналған сайыстар мен іс шаралар өтуде.
Ақкөл қаласының №2 орта мектебінде оқушыларды шаңғы спотына баулу қарқынды түрде жүріп жатыр. 5 және 11 сыныптар арасында қашықтыққа шаңғы тебуден сайыс өтті. Соның ішінде жылдамдығы бойынша, шаңғы тебу техникалары бойынша, қатысқан оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.