"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Арт - терапия – өнермен емдеу.

30.01.2018

Арт - терапия – өнермен

емдеу.

Қазіргі жаңа заман талабына сай әр түрлі  емдеу түрлері пайда болуда. Соның бірі  -  психологияның бір тармағы «Арт – терапия».

Ағылшын тілінен аударғанда (art – өнер, terapy - емдеу) яғни, «өнермен емдеу» дегенді білдіреді.  Ең алғаш бұл өнерді 1938 жылы Адриан Хиллдің емдеу орталығында ауырған адамдардың көңіл – күйін анықтауға  қолданған болатын.  Бұл өнер түрін естіген де бар, естімегендер де бар. Еуропа және Азия елдерінде бұл өнер түрі кеңінен тараған. Арттерапия -  адамның  психоэмоционалды халіне шығармашылық арқылы  ем жүргізу және әсер етуді білдіреді.

Психологияның бұл техникасын қолдану үшін керекті құрал – жабдықтар ол тек түрлі – түсті  қарандаштар мен бояулар.

Арт терапияның салалары ретінде музыка терапия, библия терапия, драммалық терапия,  би терапиясы т.б. терапия

түрлері кіреді.

Ақкөл қаласының №2 орта мектебінде осы терапия түрі 11 – ші сыныптарға өткізілген болатын. Бұл терапияны  психикалық стресс немесе депрессияда ғана қолданбайды. Топтық жұмыс ретінде, ұжымның қарым – қатынасын жақсарту мақсатында, эмоционалды жағымды көңіл күй сыйлауға, адамның ішкі жан дүниесін түрлі түстер арқылы түсіне білуге бағытталған. Оқушыларға «арт терапияның» негізгі мақсаты түсіндірілді.  А3 форматты қағаз бетіне «мандала» салу ұсынылады. Мандала – әлем кеңістігі құрылымын шартты түрде бейнелейтін диаграмма. Ол  ертеде үнділік мәдениет өнерлері ретінде саналады.  30 минут уақыт ішінде оқушылар суретті аяқтады.

Оқушылармен кері байланыс жасаған уақытта, олардың сабақтың басталған уақыттағы көңіл күйлері

мен жұмыстарын аяқтап біткендегі көңіл күйлерін айтып берулерін сұрадым. Суретті салу процессінде қандай сезімде болғандарын және бұл терапияның оларға қалай әсер еткендерімен бөлісті. Біреулер мұңды сезінсе, келесі біреулері керісінше болашақтарын елестеткендерін айтты. Бірақ сабақ соңында болған өзгеріс тек қана жағымды эмоциялармен аяқталды. Бұл терапия түрінде жас шектеуі жоқ,  үлкендерден бастап кіші балаларға

жүргізіледі. Тек қана топпен емес сонымен қатар жеке-дара кеңес беру уақытында психологтар кеңінен пайдалана алады.

 

 

Просмотров: 1094


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст