9 «б» сынып
Сабақтың тақырыбы: |
Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы
|
С. мақсаты: |
Барлық оқушылар жасай алады: |
Оқушылар Ә.Қастеевтің шығармашылығы, мұражайы туралы мағлұмат алады, суретші ретінде тани алады.
| |
Оқушылардың көбі жасай алады: | |
мәтіннен керекті мағлұматты таңдай біледі, ойды түйіндейді, шығармашылықпен жұмыс істей алады | |
Оқушылардың кейбірі жасай алады: | |
мәтіннің маңызын түсініп, әңгіме құрай алып, тақырып бойынша мақал-мәтелдер, қанатты сөздер келтіріп, сөздік қорын молайта алады. Көрнекіліктер: суретші А.Дүзелхановтың «Ә.Қастеев» суреті, суретшінің репродукциялары, сұрақ-жауап, интербелсенді тақта. | |
Күтілетін нәтиже:
|
Мәтін бойынша жұмыс орындайды, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді, берілген тапсырмаларды орындайды, негізгі ойды түйіндейді |
С. ресурстары: |
суретші А.Дүзелхановтың «Ә.Қастеев» суреті, суретшінің репродукциялары, интербелсенді тақта, стикер, маркер, кәртішкелер, бағалау парақтар, көрнекіліктер |
Сөздік қор |
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
|
Алдыңғы білім |
Қазақ бейнелеу өнері тарихынан |
С.әдіс-тәсілдері |
Топтық, жұптық , жеке жұмыс |
Сабақтың барысы:
|
Психологиялық дайындық жүргізу: -Балалар, сабағымыз ойдағыдай өтеді деп сенемін,мен сіздерге жақсы көңіл-күй тілеймін. Ал,сендер ше,балалар өз сыныптастарына қандай тілектер айтар едіңіздер? Қанеки, тілектерімізді, жылы лебіздерімізді ортаға салайық. Оқушылар: М: Мен сәттілік тілеймін. Жұмысымызда бірлік болсын. Т.б Инт.тақта Қастеев суреті. Мұғалім:Жақсы,балалар. Ендеше іске сәт.Орындарыңа отырағойыңдар. Балалар,тақтаға назар аударыңыздар. Бұл тұлға бізге таныс па? Оқушылардың біреуі: Иә,бұл Әбілхан Қастеев-Қазақстанның халық суретшісі. Иа біз өткен сабақта Әбілхан Қастеевті өткен болатынбыз.Үйге сендерге қайталап келу тапсырылған олай болса есімізге түсірейікші. Миға шабуыл 1.Әбілхан Қастеев қай жылы дүниеге келді ? Әбілхан Қ 1904 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келді 2.Әбілхан Қастеев қай жерде дүниеге келді ? Талдықорған (қазіргі Алматы облысы) облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында дүниеге келген. 3.Суретші қайда білім алды ? Суретші Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алды 4.Қай жылы КСРО суретшілер одағына мүшелікке қабылданды ? 1937 жылы Ксро суретшілер одағына мүшелікке қабылданды 5.Суретшінің тұңғыш көрмесі қашан қай қалада өтті ? Суретшінің тұңғыш көрмесі 1942 (бір мың тоғыз жүз қырық екінші) жылы Алматы қаласында өтті. 6.Қазақ КСР халық суретшісі атағын қай жылы алды Қазақ Кср халық суретшісі атағын 1944 жылы ( бір мың тоғыз жүз қырық төрінші жылы ) алды 7.Қай жылы қайтыс болды ? Суретші 1973 жылы 2 қарашада алматыда қайтыс болды. Жарайсыңдар! Қане балалар тақтаға қарап, Ә.Қастеевтің туындыларын еске түсірейік. Айтылым 1.Амангелді сарбаздары 1970 (бір мың тоғыз жүз жетпісінші жылы салды) 2.Түрксіб 1932 жыл (бір мың тоғыз жүз отыз екінші жылы салды) 3.Шоқан Уалиханов портреті 1951 (бір мың тоғыз жүз елу бірінші жылы салды) 4.Бие сауу 1936 жылы (бір мың тоғыз жүз отыз алтыншы жылы салды) 5.Абай жайлауда 1971 жыл (бір мың тоҒыз жүз жетпіс бірінші жылы салды ) 6.Биік таудағы мұз айдыны 1954 (бір мың тоғыз жүз елу төртінші жылы салды) 7.Амангелді Иманов
8.Жас Абай 1945 жыл (бір мың тоғыз жүз қырық бесінші жылы салды) Жаңа сабаққа шығу: Мұғалім: Жақсы балалар ал суретшінің бұл туындыларын қайдан тамашалауға болады ? Балалар :мұражайда. Мұғалім: Иә,балалар,дұрыс. Өнер мұражайында.Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді сабақтың тақырыбын жазайық .Бүгін желтоқсанның нешесі кім айтады ? Ертең қандай айтулы мереке болады ? Мұғалім:Күн мен тақырыпты дәптерге жазамыз. Мұғалім: бүгінгі сабағымыздың мақсаты 1. Мұражай туралы мағлұмат алу;
2. Жаңа сөздерді меңгеру;
3. Осы тақырып төңірегінде сөйлей білу;
4. Ұлы жазушының өмірін үлгі ету.
Бұл мақсатымызға жету үшін келесі критерийлерді ескерулерің керек. 1.Жаңа тақырыпты түсініп меңгеру. 2.Сұрақтарға толық жауап беру. 3.Қосымша берілген мәтінмен жұмыс . 4.Топта ынтымақтаса жұмыс жасай білу. 5.Сабақта белсенділік таныту керексіңдер.
Сөздік дәптерлеріңді ашып жаңа сөздерді жазып алыңыздар Жаңа сөздер: Мәдени құндылықтар – Культурные ценности
Қоры- фонд
Мұралар - наследие
Зергерлік бұйымдар- ювелирные изделия
Үлес -вклад
Сақтау – сохранять
Жинақтау - собирать
Зерттеу-исследовать Оқыту, қайталату Сөздермен сөйлемдер құрау, дәптерге жаздырту III.Жаңа тақырып Оқушылардың назарын видеотаспаға аударамын, Әбілхан Қастеев туралы видеоматериалды талқылаймыз. 3 мин Оқылым Мәтінмен жұмыс: оқушыларға қосымша мәтін таратамын, олар онымен танысады. Мәтінді оқытқызу. Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы 1984 жылы музейге Қазақ Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы 1935 жылы құрылды. Мұражай 22 000-ға жуық экспонат бар. Мұражай қоры өте бай. Бұл жерде көрермен Қазақстан, батыс Еуропа, Шығыс елдерінің көркемөнер мәдениеті туралы көп мәлімет алады. Мұражай 12 залдан тұрады. 1-ші зал осы заманғы Қазақстанның мүсін өнеріне арналған. 2-ші зал – Ә.Қастеев шығармашылығына арналған. Экспозицияға “Шөп шабу”, “Бие сауу”, “Жас Абай”, “Түрксіб”, «Жамбылдың портреті», «Шоқан Уәлиханов» т.б. шығармалар қойылған. 3-ші зал Қазақстан сәндік қолданбалы өнеріне арналған. Экспозицияға кілемдердің неше түрлері, сырмақ қойылған. Зергерлік бұйымдар: білезік, шолпылар, т.б. 4,5,6,7-ші залдарында Қазақстан бейнелеу өнеріне арналған. Экспозицияда Н.Хлудовтың, Л.Леонтьевтің, Калмыковтың т.б суретшілердің шығармалары орын алды. 8-ші зал Қазақстан графикасына арналған. 9, 10-шы залдарда 18-20 ғ.ғ. бас кезіндегі орыс өнеріне және Батыс Еуропа өнеріне арналған.11-зал Кеңес Одағы кезеңіндегі өнерге арналған. Жинақта өнердің әр саласынан кескіндеме, мүсін, графика, қолданбалы қолөнер туындылары бар. 12-зал шығыс халықтары өнеріне арналған зал. Шығыс халықтарының қолданбалы өнері, қоры мыңға жуық экспонаттан тұрады. Айтылым.Мәтінге сұрақ құратқызу Бір біріне қояды ?
Жазылым. Синтаксистік талдау 1984 жылы мемлекеттік өнер мұражайына Әбілхан Қастеевтің _._._._._._. - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - анықтауыш есімі берілді Жылдар сөйлейді ойыны Миға шабуыл. 1.Қазақ бейнелеу өнерінің қандай салалары бар ? Қазақ бейнелеу өнері көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика және қолданбалы өнер салаларын қамтиды. 2 .Қазақ бейнелеу өнерінің ежелгі түрі қандай ? Қазақ бейнелеу өнерінің ең ежелгі түрі қолөнер болып табылады. 3 Қазақ бейнелеу өнерінің бастауында кім тұрды ? Қазақ бейнелеу өнерінің бастауында этнограф – ғалым Ш.Уалиханов тұрды 4.Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлерін даярлайтын студия қай жылы ұйымдастырылды? Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлерін даярлайтын студия 1920 ( бір мың тоғыз жүз жиырмасыншы) жылы ұйымдастырылды 5. Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамын нешінші жылдары жасады ?
ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдары Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады 6.Қазақ бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі қашан және қай қалада ұйымдастырылды ? 1928 (бір мың тоғыз жүз жиырма сегізінші )жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды. 7.Қалау рай дегеніміз не ? Іс әрекетті орындаушы адамның талабын , ынтасын білдіріп қалау мағынасында айтылатын етістіктің түрі қалау рай деп аталады. 8.Қалау рай қалай жасалады ? Етістіктің түбіріне -қы – кі – ғы - гі жұрнағы мен тәуелдік жалғауын жалғап, одан кейінгі кел етістігі тіркесіп келу арқылы жасалады Қосымша . «Суретпен жұмыс» оқушыларға «Түрксіб» суреті ұсынылады, олар суретті сипаттап береді. М:Сабақтың мақсатын еске түсірейік Мұражай туралы мәлімет алу Мақсатқа жеттік пе? Ия,жеттік |
Рефлексия:
|
Мен ... үйрендім Маған ... қызықты болды
... қиын болды Мен ... ойлаймын Бәрінен де маған ... ұнады Мен ... білемін |
Үйге тапсырма: |
Мәтіннің мазмұнын ашу. |
Бағалау: |
Критерий бойынша бағалаймын |
Кері байланыс: |
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? (жақсы, өте жақсы) Сабақ сендерге ұнады ма? Ия,ұнады. Қызық өтті. |
Бақылау Сабақтың мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? |
|