"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәуелсіздік – халық мұраты»

12.01.2018

Тақырыбы:  

«Тәуелсіздік – халық мұраты»

Мақсаты: Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем-дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Өткізу барысы:

1-жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

2-жүргізуші:    Армысыздар, құрметті оқушылар, ұстаздар! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз. Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – халық мұраты» атты   мерекелік кешімізге  қош келдіңіздер.

Ән «Туған жер»

Қазақстан туралы видео

1-жүргізуші:  Басталыпты алғашқы дәуір тастан,

Бабалар жазған бәрін етіп дастан.

Қазақтың бұрынғысын бір қайталап,

Ақтарайық тарихты әуел бастан.

Қайран, қазақ елі....

Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи - әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм- шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны.

2-жүргізуші

Өткеніміз қалың тон болып қатталады,

Ұрпақтардың санасында жатталады.

15-ғасырдан сонау кезден,

Қазақ деген ұлы халық басталады.

Видео «Қазақстан тарихы»

2-жүргізуші: Қазақ

халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады,

күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи

оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

 «Сандар сөйлейді»

1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтерілісі

1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

1-жүргізуші: Желтоқсан

оқиғасы... Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның  алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат

Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым

ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне

ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды.

Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне,

күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

Көрініс 1:

Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.

Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма?

Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.

Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтығы

отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға

сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған

қазақ жастьарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын

көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге

ұмтылдым.

Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ. Алаңға

барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес,

«ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес!

Аман болыңдар!

Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын

алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың…

Көрініс 2:

Тергеуші: Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат: Жолдастарыммен бірге.

Тергеуші: Жоқ, сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға

жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің оған!

Қайрат: Сөйлесем даусым жетпейтін

Кез болдың мынау заманға,

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жалғанға.

Тергеуші: Сен өзің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?

Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ!

Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер,

атыңдар, көзін құртыңдар!

Қайрат: Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!

Видео «Желтоқсан оқиғалары»

1-жүргізуші:

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас қайраты жас өркені халқымның!

2-жүргізуші:

Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз - ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

Ән «Қазақ елі»

Қазақстан туралы презентация

Өлеңдер

Ән «Алға, Қазақстан»

2-жүргізуші:

Құрметті көрермен қауым, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын деген игі тілектер жолдай отырып біз өздеріңізбен қоштасамыз. Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын!

1-жүргізуші: Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

 

 

 

Просмотров: 610


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст