"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Диалогтік оқытудың оқушының сөйлеу тіліне тигізетін ықпал

05.12.2017

 Диалогтік оқытудың оқушының сөйлеу тіліне тигізетін ықпал

Бағыты: «Әртүрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің қолы ...»

ХХІ ғасырдағы «Мәңгілік Ел» идеясы тұрғысында, іс жүзінде кеңейтілген

реформа жағдайында білім саласында болып жатқан тың

өзгерістерді ерекше айтуға болады. Елбасының

Жолдауындағы Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050»

Стратегиясының түп қазығы деп айтсақ, шындықтан алыс кетпеспіз.

Бүгінгі Әлем дамуының жаңа ұстанымдары

білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени

өзгерістерге мейілінше бейімделуді талап етеді.Әлем қазіргі күні «білім

қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында.Бұл идея бүкіл білім беру

жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды қажет етеді[1].

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған

Жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар

аударды: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі

заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажетті. Мемлекеттік

тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық, әдістемелік, тәжірибелік

оқу-құралдарын әзірлеу керек». Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы

бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреулері біздің білім беру

жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Осы тұрғыда, қазіргі кезде

мемлекеттік тілді игеруде көптеген педагогикалық технологияларды қолданып,

оңтайлы жетістіктерге жетуге болады.

Кембридж

университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген деңгейлік курсының

тиімділігі, сонымен қатар

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту мәселесі зор деп ойлаймын. Білім саласында әлем жүзінде болып жатқан қарқынды өзгерістер мектеп үшін,

жалпы мұғалімдер мен оқушылар қауымына үлкен бір мәселе, сондықтан XXІ ғасыр

ұрпақтары жаңаша білім алып, қоршаған ортаны сыни тұрғыдан қабылдау үшін

мұғалімнің тигізетін әсері зор.

Иә, осындай заманауи, қарқынды өзгерістердің бірін өз

басымнан өткізгенім мен үшін үлкен дәреже, таудай бір белес, қуанышпен қатар

жауапкершілік және ертеңгі күніме сенімділік. Бұл бағдарлама менің мұғалім

ретінде өзгеруіме үлкен әсерін тигізді, сыни тұрғыдан ойлауға, қабылдауға

үйретті. Қазіргі кезде өз жұмысыма жаңа леп, жаңа шабыт кіргенін байқаймын.

Алдыма қойған мақсатым өлшемді, қол жетімді, күтілетін нәтижеге жетудің жолын

көздеймін. Орыс мектебінде қазақ тілін тиімді

оқыту үшін тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай оқыту негізінде жасаймын.

Оқытудың жаңа бағыттары-мұғалім шеберлігінің биік шыңы

деуге болады, себебі қазіргі заман талабына сай өткізетін әдіс-тәсілдерім

оқушының ойлау қабілетін дамыта отырып, алған білімдерін орынды қолдана білуге

үйретеді.

Деңгейлік курс пен жаңартылған бағдарлама курсын өткеннен

кейін не өзгерді? Ең алдымен өз жұмысыма рефлексия жасауды үйрендім, оқытуға

деген көзқарасым өзгерді. Оқушылармен топтық жұмыс өткізу барысында Мерсер мен

Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын

арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап

көрсеткендеріне көзім жетті. Шынында да топтық жұмыс жүргізуде сабақтың әр

кезеңі жандана түсті. Оқушылар бір-бірін тыңдай біліп, бір-біріне объективті

баға беруге, кері байланыс жасауды үйренді. Мұндай жұмыс түрінде оқушылар бір-бірімен сыйластықта болып,

жауапкершіліктері артады, топта барлық мүшелерінің бір-бірін күту шыдамдылығы,

сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Сабақ барысында тиімді тапсырмаларды қолдана отырып,

оқылым, жазылым, айтылым,тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға тырысамын.

Оқушылардың уәжіне, сыныптағы психологиялық ахуалға, сергіту сәтіне ерекше

назар аударамын, өйткені олар сабақтың сәтті өтуіне өз септігін тигізеді.

Сабақ берудегі

жаңашылдық өзгерістерді оқушылар қуана қабылдады. Бірақ оқыту орыс тілінде

жүргізілетін мектептердегі оқушылардың қазақ тілінен  тілдері шорқақ, сөздік қоры аз, ауыз-екі

сөйлеу дағдылары айтарлықтай дәрежеде болмағандықтан, алдында қиыншылықтар

туды, дегенмен оқушылармен алдын ала жұмыс жүргіздім, оларға қандай формада

жұмыс істейтінімізді түсіндірдім.

Орыс

мектебіндегі қазақ тілі пәнінің өзгешелігін біле тұра, балаларға топтық жұмысын

алып кету де, практикалық тұрғыда диалог құрастыруда қиыншылықтар туады деп ойладым,

бірақ сабақтың соңындағы нәтиже мені таң қалдырды: оқушылар бір-бірінен

сөздердің айырмашылығын біліп, тақтаға шығудың алдында бір-бірінің жауаптарын

қадағалап, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға тырысты, яғни сабаққа деген

қызығушылық арта бастады. Сонымен қатар оқушыларға сабақтың соңында кері

байланыста өз ойын білдіруге мүмкіндік туа бастады, өзін-өзі, бір-бірін

бағалауға үйрене бастады. Оқушыларымның жауаптарын тыңдаған сәтте бұл нағыз

прогресс екенін түсіндім.

Өз тәжірибемде «Диалогтік оқытудың оқушының сөйлеу тіліне

тигізетін ықпалы» атты өзін-өзі жетілдіру тақырыбын басшылыққа алып, келесі

ұтымды әдіс-тәсілдерді жиі қолданамын: мәтінді меңгеру  барысында Филл кестесін толтыру, сабақты

қайталау, бекіту барысында «Иә», «Жоқ» Неге? позициясын таңдау, «Миға шабуыл»,

оқушылардың ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында «Ұшқыр ой, ұтымды сөз»,

«Буриме». Осы тәсілдер арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп,

белсенділігі күшейеді. Оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың

қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Енді бір тиімді жұмыстың бірі деңгейлік тапсырмалар,

мұнда оқушылар өзін-өзі таниды, сезінеді. Оқушының қабілеті, біліктілігі,

сөздік қоры жетіледі. Оқытушы да, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды. Бұл

әдісті өз сабағымда жиі қолданамын, өйткені белгілі бір тақырыпты біткен кезде

немесе бақылау жұмысын жүргізгенде және қайталау сабағын өткізгенде өте ұтымды.

Деңгейлік әдістің ең

маңыздылығы – әр оқушы өзінің шамасына қарай тапсырманы орындай отырып нені

білмейтінін сезеді, білмегенін біліп келуге тырысады. Әр түрлі қызықты

деңгейлік тапсырмалар өз ойларын толық, дұрыс жауап беруге дағдыландырады.

Оқушы деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса, баға біліміне қарай

қойылады.

Деңгейлік тапсырмаларды

орындау арқылы оқушылардың еңбек дағдысы қалыптастырылып, әр түрлі жұмыс

түрлері ұйымдастырылып, тыңдау, оқу, жазу, тілдесу жұмыстары жүргізіліп,

оқушылардың танымын жетілдіріп, сөйлеу тілі артады. Оқушылар бір-біріне сұрақ

қояды, дұрыс сөйлеуге үйренеді.

Сабақ барысында көбінесе

сөйлеу мен ойлау қабілетін дамытатын ойындарға жүгінемін, себебі мұндай ойындар

оқушының ой-өрісін дамытып, сабақты жандандырып, тіл үйренушінің пәнге дейін

қызығушылығын арттыра түседі. Оны «Ойлан, тап», «Ұшқыр ой, ұтымды сөз», «Жалғасын тап», «Шашыраңқы сөздерден сөйлем

құра», «Ішкі, сыртқы шеңбер» жұмыстарынан байқауға болады. Мұндай

ойындар оқушыларды қатты қызықтырады, тілін дамытуда аса маңызды әдіс.

Оқушы сыни тұрғыдан

ойланып, дәлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі әдістер арқылы қолайлы

жағдай жасауға тырысамын, мысалы «Атаулар көмегімен болжау жасау», «Елеспен

жетелеу», стратегиялары оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға, ауыз-екі

сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға өте тиімді. Орыс мектебінде қазақ тілін

оқытуда қазіргі оқушыларды кең ауқымды көркем әдебиетті оқытуға баулу оңай

емес. Бұл жолдағы қиындықты шешуге «ЖИГСО» әдісі көп көмегін тигізеді. Оқушы

өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, басқа топ мүшелеріне түсіндіру

үшін сурет те салады, сахналық көрініс те қояды, жұмыстың бұл түрі оқушылардың

пәнге деген қызығушылығын арта түседі.

Бүгінгі таңда

мектеп бітірушілерге ұсынылатын тестілеуге сараптама жасайтын болсақ,

мәтіндерге байланысты сұрақтар қойылатынын байқаймыз, сондықтан осыны ескере

отырып, 10-11 сынып оқушылардың ойлау деңгейіне сай әр сабақта мәтінге сұрақ

қою үшін Блум таксономиясының сұрақ қою өлшемін пайдаланамын. Сұрақтар

қарапайымнан күрделіге дейін құрастырылып, оқушыларды терең ойлауға, мәтіннен

негізгі ойды табуға жетелейді. Оқушыны іздендіру үшін сұрақ қоя білуге үйрету

арқылы оның саналы ойлауы, жан-жақтылығы, білімі мен біліктілігі қалыптасады.

Сонымен қатар, жоспарлы түрде жұмыс істеуге үйрету үшін мәтін бойынша жоспар

құру әдетін қолдануға болады, мәселен бұл орайда «Филл кестесін» жиі өткіземін,

өйткені мұнда оқушы мәтіннің негізгі ойын, мақсаты мен идеясын табуға және

жоспар құруға дағдыланады. Нәтижесінде оқушы мәтін бөлімдеріне қысқаша

тұжырымдама жасап, әрбір оқиғаға ат қойып, өзіндік іздену мен білім дағдысын

берік қалыптастырады. Мәтін бойынша түсініксіз сөздер тізбегін жасау, поэзиялық

шығармаларды прозаға айналдыру тәсілдері де оқушының жан-жақты дамуына үлкен

ықпал етеді.

Орыс

мектебінде қазақ тілін пәнін оқытуда тірек сызбаларын пайдалану өте қолайлы.

Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтіннің

мазмұнын айтуда тірек сызбалардың маңызы мол: өткен сабақтарды бекіте отырып,

оқушыны жаңа ізденіске жетелейтін әдістердің бірі.

Өз

тәжірибемдегі қазақ тілі сабақтарында қолданғанда оқушы сұхбат құрғызу кезінде

қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыра алды және өз ойын кедергісіз жеткізе

алады, сөйлемдерді құрастыруда сызбалардың көмегі аса тиімді екенін байқадым.

Сабақтың

басында мақсат пен міндет белгілеп алған соң, мынадай аспектілерге назар

аударамын:

-мен үшін сабақтан күтілетін оқу нәтижесі,

-сабақтың негізгі идеясын анықтау,

-оқушыдан күтілетін нәтиже,

-сабақтың маңыздылығы.

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

-қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану

керекпін?

-өздері өздерін бағалай ала ма?

Оқушы

жұмысының нәтижесі есебінде оның білім алуына ынталандыру мақсатында көбінесе

формативті бағалауды қолданамын. Оқыту үшін бағалау- бұл білім алушылар

өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және

қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың

мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі [2].

Сабақтың

соңында оқушылардың жұмысын бағалау кезінде бағалаудың бірнеше түрлерін

қолданамын, атап айтсам, жетонмен, өзін-өзі бағалау парағы арқылы, жұппен және

топпен бағалау, «Үш шапалақ», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» формативті бағалау,

критерий бойынша бағалау жұмысын өткіземін. Тақырыпты

қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында рефлексия жүргізуді, «Ыстық орындық»

әдісі бойынша жаңа тақырыпты бекітуді тиімді деп санаймын. Бүгінгі сабақты

жақсы меңгердім деген оқушы шығып ыстық орындыққа келіп отырады, осы оқушыға

сыныптастары сұрақ қояды. Осындай сабақтар барысында біраз нәрселер қамтылады,

қайталанып, бекітіледі. Оқушылардың шығармашылық деңгейі қалыптасады. Сабақтың

соңында оқушылар «Инсерт» әдісі арқылы кері байланыс жасайды. Орта буын

оқушылары сергіту сәті кезінде де жақсы белсенділік танытып қызығушылықпен

орындайды. Сұрақ-жауап кезінде де «мен айтайын», «мен шығам» «айтуға рұқсат

па?» деген оқушылардың көшбасшылықтары байқалады. Сабақ оқыту барысында мынадай

жетістіктерге қол жеткіздім:

-

оқушылар өз беттерінше ізденуге үйренді;

-

мәселенің ең негізгі ойын табуға дағдыланды;

- бір-

біріне жоғары дәрежедегі сұрақтар қоюды білді;

-

сабаққа қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болды;

-

ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс істеу дағдылары дами бастады.

Меніңше,

қазіргі күнделікті іс-тәжірибемізде жаңашылдық технологияларды, заманауи

әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде қолданатын болсақ, жақсы көрсеткіштерге ие

болатынымызға сенемін. Мұғалім жолы оңай емес, мұнда сәттілік пен қуанышпен қатар жағымсыз жақтар

бірге жүреді, бірақ ең бастысы біздің дұрыс 

бағытта болғанымызда деп ойлаймын.

«Адам

мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» - деп Әбу Насыр әл Фараби айтқандай

болашақ ұрпақты қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыру әр ұстаздың

шеберлігіне, шығармашылығына байланысты.

 

                 Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.    

Асхат Әлімов

«Интербелсенді  әдістемені  ЖОО-да қолдану мәселелері»

2.     Мұғалімге

арналған нұсқаулық, 58 - бет

 

 

 

Просмотров: 624


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст