"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасының зорлық-зомбылықсыз бала тәрбиесі

05.12.2017

Отбасының зорлық-зомбылықсыз бала тәрбиесі.

«Тәрбие бастауы –

отбасында!» Сонау өткен ғасырлардан 

бастау алып келе жатқан отбасы тәрбиенің қайнар көзі екенін барлығымыз

білеміз. Осы ертеден келе жатқан тәрбиені, қазіргі жаңа заманда жаңғырту біздің

мақсатымызбен парызымыз. Отбасында ұрпаққа көрсетілген зорлық – зомбылықтан

аулақ болуға баулу, қазіргі ата – аналарға әр бір баланың дара тұлға екенін

мойындату, оларға бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамай қырағы болуға бағыттаймыз.

Ата – аналарынан зорлық көретін балалар осы уақытта аз емес екендігін білеміз.

Отбасының зорлық-зомбылықпен бала тәрбиелеуінің  алдын алу ретінде, мектеп оқушылары отбасының

тәрбиесін мейірімділікпен қабылдауларына ат салысуға көмектесу ретінде тренинг

сабақтары   1 –ші және 11 –ші сыныптары

арасында өткізілді.

 Тренинг 4 жаттығудан тұрады.

1. «Тазарту»

жаттығуы. Балаларға ақ қағаз беріледі. Сол параққа іште сақтап қалған барлық

нәрсемен қатысты болған жағымсыз оқығаларды жазуды ұсындық. Жазып болған

соң  парақты ұсақ бөлшекке бөліп жырту

қажет. Жаттығудың мақсаты жағымсыз жағдайлардан арылу. Жаттығу аяқталған соң

оны талқылау.  

« Өкпені еріту » жаттығуы

  Әдемі әуен қосылып оқушыларға

ситуативті жағдай оқылады

Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын

деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін , көргіңіз келмейтін )

сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын

ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән

бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі

үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның

жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз

. Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек

жақсы жағдайда елестетіңіз .Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз . Бұл

әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз . 

«Бөлшекті құрастыру» топтық жаттығу.

Оқушыларға жүректің

бөлшектері беріледі, бөлшектерді құрастырып жүректің әр бөлшектеріне рухани

құндылықтарды жазу ұсынылды.

«Вавилон» жаттығуы

Просмотров: 562


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст