"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілдер мерекесі күніне арналған «Тіл білгірі » танымдық сайысы

11.10.2017

Тілдер  мерекесі күніне арналған

 «Тіл білгірі » танымдық  сайысы

Мақсаттары:                                                                                                            

 оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отырып,

шешендік сөздер, мақал мәтелдерді  ұтымды

пайдалана білуге үйрету; мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік сезімін ояту; оқушылардың

ана тілін біліп өзге тілдерді құрметтеуге шақыру.

 Сабақтың

түрі: сайыс сабағы

 Сабақтың

әдісі:сұрақ-жауап, сахналау.

Көрнекілігі: сайыстың тақырыбы жазылған плакат, сайыс барысында қолданылатын көрнекі

құралдар,  шарлар, музыка, тіл туралы

жазылған қанатты сөздер, бейне материалдар, эмблемалар.   

                       

«Көк тудың желбірегені»  әні баяу

ойнап тұрады                                                                                                

 Барысы:

 1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

Мектебімізде Қазақстан халқының «Тілдер мерекесіне» арналған шара жалғасуда.

Бүгінгі оқушылар арасында өтетін «Тіл білгірі» атты танымдық ойынымызға қош

келдіңіздер!

Бүгін сіздер 5 б

сынып оқушылары арасында өтетін білім сайысын  көріп тамашалайсыздар.

 «Тіл білгірі» сайысымыз басталды,

 Ортаға осы «Тіл білгірі» сайысына 

қатысатын 2 топты шақырамын. Білгірлерді , қарсы алайық!

Шараның ұраны: «Мемлекеттік тілді еркін меңгеруге біз дайынбыз!».


Кім білімді, өнерпаз білейікші,

Оқушылар алғыр деп жүрейікші.

Әділқазылар алқасына тек әділдікті,

Сайыскерлерге тек сәттілік тілейікші!

2. Қатысушылар мен әділқазылармен

таныстыру:

а) Сайысқа қатысушылармен таныстыру:

1-топтың атауы - «Достық» тобы.

Ұраны: Тілге құрмет, елге құрмет!

 2-топ – «Жұлдыз» тобы.

Ұраны: Біз жұлдыздай жарқыраймыз

биіктен!

ә) әділқазыларды таныстыру:

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Оларға құрметпен қол соғылады деп, сайыскерлерімізді бағалайтын,

шындықты жарып  айтатын әділқазылар  алқасымен таныс болыңдар.

3. Сайыстың өту барысымен, шартымен

таныстыру:

Сайыс 8  кезеңнен тұрады. Тапсырмалар

әр түрлі болып келеді,

жауаптарын топта талқылап, қорытынды шығарып, айту керек;

топтың мүшелері сайысқа түгел қатысулары керек.

4.Сайыстың тапсырмалары:

1кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Әр топқа бір әріп беріледі:

«Достық» тобына «А» әрпі, «Жұлдыз» тобына «Ж» әрпі.

Топтар 1 мин ішінде сол әріптен басталатын әр сөз табынан келетін сөздер жазып,

қойылған сұрақтарға тек сол әріптен басталатын, өздері жазған сөздермен жауап

береді. Дұрыс жауап – 1 ұпай.

«Достық» тобына:

1. Сен кімсің?

2. Бірінші септік?

3. Ең жақын адам ?

4. Еліміздің бас қаласы?

5. Нешінші сыныпта оқисың?

6. Сүттен жасалған сусын?

7. Ең әдемі құс?

8. Саған ертегі айтатын?

9. Бал жинайтын жәндік?

10. Ең тәтті жеміс?

«Жұлдыз» тобына:

1. Сен қалай оқисың?

2. Сағыз қанша тұрады?

3. Қазақ тілінде неше септік?

4. Әжең қайда тұрады?

5. Гүл қайда өседі?

6. 1қаңтар қандай мейрам?

7. Кімде?Неде? қай септіктің сұрағы?

8. Диванда  әке не оқып отыр?

9. Сенің досыңның аты кім?

10. Ең ыстық мезгіл?

(әділқазыларға

сөз)

2 кезең: «Ойлан, тап!»  Шарты:

Берілген сөзден бірнеше сөз құрау.

                    

Қарлығаш

3 кезең:

« Қызықты ұйқастар».                                                                       

Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.          Ітоп: 1.Жизнь-өмір,

уголь-….(көмір).                                                            

2.Число-сан, кровь- ...(қан).                                                                                  

3.Молоко-сүт, жди-… (күт).                                                                              

4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).                                                                  

5.Таможня- кеден, пол-...(еден).

ІІ топ:

1.Возьми- ал,

мед-…(бал).                                                                                   

2.Рыба- балық, народ-…(халық).                                                                        

3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).                                                                      4.Город-

қала, ребенок- …(бала).                                                                          

5.Игра-ойын, шея-…(мойын).

(әділқазыларға

сөз)


4 кезең: «Шешендік өнер». Берілген

мақалдың жалғасын табу:

1. Отансыз адам - .... (ормансыз бұлбұл).

2. Ер - елінде, .....(гүл - жерінде).

3. Отан - ....(отбасынан басталады).

4. Мектеп - кеме, .....(білім - теңіз).

5. Күш - білімде, .....(білім - кітапта).

6. Ел іші - ....(алтын бесік).

7. Ақыл азбайды, ....(білім тозбайды).

8. Жүз теңгең болғанша, ....(жүз досың болсын).

9. Кітап - ....(алтын қазына).

10. Өнер алды - ...  (қызыл тіл).

(әділқазыларға

сөз)

5 кезең: «Жаңылтпаш айтып жарысу». Тез, дұрыс айту.

1. Тақпақ жаттап, Айтсақ жақсы ақ.

Жатқа тақпақ, жатта тақ тақ.

2. Ата мен әже, ана да,

Алма мен алмұрт тереді.

Ауылға Арман бала да,

Арбамен тасып береді.

3. Баланың жаман

баға алмағаны,

Мұғалім ағаның жаман болмағаны.

4. Бар, май

шайқа,

Байқа, жай шайқа.

(әділқазыларға сөз)

5.Екеуінің жасы

шамалас ,                                                                                    

Бірінің шашы қара шаш ,                                                                                       

Бірінің шашы – ақ  шаш аралас.

6. Атам : «Балама ат аламын

», - дейді.                                                                    

Апам :«Балама  ала  мата аламын», дейді .                                                               

Атасы ат ала ма ?                                                                                                       Апасы

ала мата ала ма?

6 кезең: «Біз өнерлі 

баламыз».  Көрініс көрсету/өз таңдаулары

бойынша/

(әділқазыларға сөз)                                                                                                              Музыкалық үзіліс.

7 кезең: «Өнерлі өрге жүзер».

Тіл, Отан, отбасы туралы өлең жолдарын айту.

 (әділқазыларға сөз)                                                                                                          8-кезең:

Білгішбектің тапсырмалары.  Білгішбек тапсырмаларын сиқырлы сандыққа салып

қойыпты.Бұл тапсырмаға топ жетекшілері жауап береді.Мынау сиқырлы сандық ішінде

10 сұрақ бар. Сол сұрақтарға кезекпен жауап бересіңдер. 

1.     Есіл өзенінің жағалауында

орналасқан әсем қала? 

2.     Астанада саған өте

ұнайтын орын?

3.     Бәйтеректің биіктігі

қанша?

4.     ҚР Тұңғыш президенті кім?

5.     Биыл  Қазақстанның  тәуелсіздігіне неше жыл?

6.     Еліміздің рәміздерін ата.

7.     Тіл мерекесі қашан

тойланады?

8.     Астана қандай қала?

9.     Адасқан сөздер. Астана,

қалам, сүйікті, менің. 

10. Мынау қандай ғимарат?                                                                                                          

5. Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Сайысқа

белсенді қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Бүгінгі сайыста сендер өз

білімдеріңді, өнерлеріңді ортаға салып, топ абыройын жоғары көтердіңдер.

Болашақта мектепте, басқа да ұйымда өтетін шараларда жүлделі орын алуларыңа

тілектеспін.

Әділқазыларға сөз беріп, жарыс қорытындысын тыңдайық.

6. Марапаттау рәсімі.

      «Жаса Қазақстан!»  әнін тыңдау.

Сайыс

қатысушылармен   бірге Қ.

Мырзалиевтің  «Ана тілің — арың бұл» атты

өлеңін жатқа айтумен  аяқталады.

 Ана тілің — арың бұл,                                                                                          

 Ұятың боп тұр бетте.                                                                                                      

 Өзге тілдің бәрін біл                                                                                             

Өз тіліңді құрметте!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 3550

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст