"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100030859989088   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көрініс

10.10.2017

Сахнада: Әкесі мен шешесі.(әкесі кітап оқып отыр, анасы ыдыс жуып отыр)

Баласы сөмкені жерге тастап :

-Мен енді мектепке барғым келмейді!Бармаймын!

Анасы-Не болып қалды? Неге бармайсың?

Баласы-Маған мектепте қызық емес. Мұғалімдер тапсырманы бере береді. Оқы, оқы,

оқы да біл -деп қинай береді. Оқығым келмейді-дедім. Онда ата-анаңды шақыр деді

маған.

Әкесі: -Ал сен неге сабағыңды оқымайсың бала, а?

Шешесі:

-Қай мұғалім бізді шақырып жатқан?

-қазақ тілі мұғалімі.

Әкесі;

-Сен не жүгірмек, қазақ тілін білмейсің бе? Ол сенің ана тілің емес пе?

Осы уақытта Атасы мен әжесі кіреді.

Атасы: -ой , амансындар ма, құлындарым?

Әжесі-бармысындар ма, жалғыздарым?

Әкесі

-Әке, анашым, сәлеметсіңдер ме?

Анасы:

-Сәлеметсіздер ме! Келеміз деп неге хабар бермедіңіздер.

Атасы;-Сендерді мазаламайық деп ойладық, келе ғой ботақаным, бір иіскейн,

айналайын!Өсіп қалыпсың ғой тентек.

Әжесі :келе ғой, қошақаным! Әжең сені бір иіскесін. Сендерге не болған өзі ?

түрлерін бозарып кетіпті ғой?

Әкесі: мына бала мектепке барғым келмейді дейді. Мұғалім бізді мектепке шақырып

жатыр екен. Екеуіміздің бұл балаға шамамыз келмей тұр.

Атасы;-Сендердің бір балаға шамаларын келмейді, ал мұғалімнің 20 балаға қалай

шамасы келеді екен? Ай-жарықтығай.

Әжесі;-Қойындар, тимеңдер балаға! Оқымаймын десе, оқымасын, қайтесін жанын

қинап,айналайын, менде 3 класс оқығам, сол да жарайды, 3 класты бітірсен болды.

Анасы:-Қайдағы үшінші сынып, апа, ол 9 сыныпта оқиды.

Әжесі:-9 сынып?! Тіпті жақсы, сол да жарап жатыр, қорадағы малымыз жетеді

немеремізді асырауға.

Әкесі:-Ой, апа, сіз де айтасыз-ау. Ал,сіздер отыра беріңіздер, біз мектепке

барып келейік. Кім біледі мына баланың не бүлдіріп жүргенін?Алда әлі ҰБТ-да

бар.

Әжесі;

-Барыңдар, барыңдар,ҰБТ-ма СҰБТ-ма, мейілін бірақ баланың басын

қатырмаңдар, білем мен қазіргі мұғалімдерді, баланың басын небір нәрселермен

айналдырып тастайды. Кейін бала қайда барарын білмейді.

Атасы;

-Бос сөз сөйлеме, оданда балаға әкелген базарлығынды бер.

Әжесі:-Келе ғой боташым, мінеки саған кәмпит, құрт әкелдім.

Немересі;-Рақмет, әжетайым.

Атасы газет алып оқиды.

Немересі:-Ата, сіз неге үнемі оқи бересіз? Оқуға жалықпайсыз ба?

Атасы: «Оқи берсең көзің ашылады, отыра берсең, жалқаулық басынады» -деген балам.

Адам оқыған сайын өмірдегі көп қызықты біле бастайды.

Немересі:-Ал мені кейбір пәндер қызықтырмайды.

Атасы; -Саған қандай пән ұнамайды?

Немересі:- Тарих сабағы ұнамайды!Мұғалім тіпті қатал. Қазақ хандығы туралы айта

береді, ол маған не керек?

Атасы;-Балама-ау тарих сабағы ең қызықты да, ең маңызды емес пе?

Немересі-Қалай маңызды?

Атасы;-Сен білесің бе? Мына бейбіт күнге жету үшін қандай қиындықтан өтті біздің

халқымыз. .Ал қазір қарашы тәуелсіз елміз.Еліміз тыныш, аман, бірақ қазақ халқы

ешқашан өз бабаларын ұмытпайды. Сенің қаншама ата-бабаларың сенің бақытың үшін,

сенің болашағың үшін қан мен тер төккен.Ал сен оқымаймын дейсің. Сонда

болашақта кім боламын дейсің?

Әке, шешесі, кіріп келеді.

Немересі:-Кешір мені ата, кешіріңіздер мені, мен бәрін де түсіндім.Мектепке барып,

жақсы білім аламын, Мен елімнің нағыз патриоты болғым келеді. Ата-бабаларым

салған жолды жалғастырамын.

 

Просмотров: 614


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст