Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне орай №2 Ақкөл орта мектебінің ұжымы мектепішілік
іс-шаралар өткізіп, аудандық сайыстарға қатысты. Атап айтқанда, тілдер күні мерекесі салтанатты жиыннан бастау алды. Қабырға газеті шығарылып, тілдің құрметі туралы әр түрлі мақалалар, сөзжұмбақтар шығарылды, сонымен қатар мәнерлеп оқу сайысы, «Тіл білгірлері» байқауы, үш тілде «Полиглот» сайысы
өткізілді.
Мектебіміз аудан көлемінде де үздік нәтижелер көрсетуде: «Тілім менің –айбыным» атты ақындар
мүшәйрасында мектеп ұстазы Удешева Камила Ерұланқызы өз шығармаларымен тамсандарып, дипломмен марапатталды. Қазақ сыныптары арасында өткен «Ана тілі аруы -2017» байқауында 10 сынып оқушысы Аникина Виолетта 2 жүлделі орынға ие болды. Өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл –халық жанын танудың
кілті» сайысында 7 сынып оқушысы Богдан Анжела 2 орын иеленді.
Мерекеге орай аудандық фестивальге мектеп ұжымы белсене ат салысып, алғыс хатпен марапатталды. Алдағы уақытта өткізілетін сайыстарға қызу дайындық жүргізілуде.