2022 жылдың 21 ақпанынан 30 наурызына дейін№2 ЖББМ-де "Мен және заң"профилактикалық акциясы өткізіледі.
"Мен және заң" акциясы ("құқықтық ағарту") кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің), қызметін кәмелетке толмағандардың қатысуымен жүзеге асыратын мамандардың, сондай-ақ жұртшылықтың хабардар болуы мен құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.
"Мен және заң" акциясының негізгі міндеттері:
кәмелетке толмағандарға, олардың заңды өкілдеріне, қызметін кәмелетке толмағандардың қатысуымен жүзеге асыратын мамандарға құқықтық білім беру;
балалар мен жастар арасында зорлық-зомбылық мәдениетінің таралуының алдын алу, құқыққа қарсы мінез-құлықты насихаттайтын, зорлық-зомбылық пен қатыгездікті ақтайтын, құрдастар мен педагогтарға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға итермелейтін қозғалыстарды танымал ету ( "колумбайн", "скулшутинг", "буллинг", "кибербулинг" және т. б.);
жасөспірімдер арасында құқықтық білімді дәріптеу мақсатында түрлі құрылым мамандарын тарту;
кәмелетке толмағандарға жалпыадамзаттық нормаларды, әлеуметтік құндылықтар мен мораль принциптерін дарыту;
заңгер-ғалымдардың құқықтық білімді дәріптеуі;
"Интернет" желісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
отбасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру;
білім беру процесінің барлық қатысушыларын, балалар мемлекеттік мекемелерінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлерін қамтитын құқықтық білімнің әмбебап жүйесін әзірлеу;
балалар мен жасөспірімдерге қатысты қатыгез қарау және зорлық-зомбылық фактілерін анықтау, жолын кесу және алдын алу.