Тақырыбы: «Берекелі, алтын күз»
Сынып:1
Мақсаты:Жасұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға , табиғатты сүюге ,сақтауға үйрету.Оқушылардың әртістік,қабілетін, өзгешеліктерін,дамыту, инабатты
иманды , іскер мәдениетті , жеке тұлғаны қалыптастыру .Ұқыптылыққа шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне , талғампаздыққа ,таза әдемі болуға тәрбиелеу.
Мұғалім: -Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Ата – аналар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Береке, бақ дарыған
Жомарт көңіл, жарқын жаз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз!
Мерекемен құттықтау сөз кезегі, мектеп директорына .............................. беріледі.
Жүргізуші: Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алтын орны ерекше Күз дегеніміз – байлық, молшылық, қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз – күзде егін, астық, көкөніс, жеміс – жидектер көп піседі.
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз, - дей келе
Кезекті оқушыларға береміз.
Тақпақ:
Расул
Күз келді
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Мирас
Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.
Кәусар
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Ғайша
Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Мадина
Келеді көшіп комбайн,
Алтын дария егінді.
Жинап маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді.
Ислам
Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілді неткен күз еді.
Райана
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!
Жүргізуші:
Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз дей келе ортаға әсем әнмен оқушыларды қарсы алыңыздар:
Ән: «Күз тамаша»
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Би: «Қолшатыр»
Ойын «Кім жылдам»
Шарты:Көздері байланған балалар белгілі уақыт ішінде жерде шашылып жатқан картоптарды жинап алулары керек.
Би: «Жапырақтар»
Жүргізуші: «Үйшік» ертегісінен шағын көріністі бірге тамашалайық.
Жүргізуші: Ал, балалар, балалар,
Жұмбақтарды тыңдаңдар,
Қандай жұмбақ айтсақ та,
Шешпей оны қоймаңдар.
Мен сендерге жұмбақтар жасырам сендер қолдарынды көтеріп жауап бересіңдер. Кім көп табады екен.
1.Бұл не деген көп киім, 2. Бақшаның алып жемісі,
Жетпіс қабат көп киім. Қайнамай піспес келісі.
Жаңбыр одан өтеді, Қоңыр күзде сақтайды,
Түймелеуге жетпейді. Сары майдай ел іші.
(қырыққабат) (асқабақ)
3. Дала тегіс сарғайды, 4. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Шаруа қысқа қамдалды. Еті қызыл, сүті тәтті.
Күн қысқара бастады, (қарбыз)
Тауға тұңғыш қар жауды.
(күз)
5. Жер бетінде шашы бар, 6.Жаз да жылдам өтіпті,
Жер астында басы бар. Күн суытып кетіпті.
(сәбіз) Киейін деп сондықтан,
Алып қойдым етікті.
(күз))
7: Доп – домалақ сары
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты ... (Өрік)
8.Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты ... (Шие)
Жүргізуші: Келесі кезекті. Күзгі сән үлгісіне кезек береміз.
Жүргізуші: Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары бояуға малынған, екіншіден, алтын – байлықтың белгісі. Екеуін астастырып Алтын күз деп атаған.Күз мезгілі берекелі де мерекелі болсын!
Осымен «Берекелі, алтын күз!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға рахмет