Текст
1 наурыз, Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтіледі.
Біздің мектептің фойесінде оқушылар алғыс сөздерін жазған стенд рәсімделді.
1 наурыз мерекесінің идеясы Тұңғыш Президент-Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі, ол оны барлық этностардың бір-біріне және мейірімділік танытқан, басқа аймақтардан қоныс аударушыларды туған-туыстары ретінде қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні ретінде атап өтуге шақырды.
Бүгінде Қазақстанда тәуелсіздік дәуірінің жаңа буыны өсті. Олар өздерінің этникалық құндылықтарын құрметтейді және Отанды жақсы көреді, ұлтаралық достық – мемлекеттің тұтастығының негізі, оны сақтау және көбейту керек деген ортақ пікірде.