Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектеп кітапханасында 6"А" сынып оқушылары арасында "Тәуелсіздік теңізі,Елбасы-Елдігім"тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Мақсаты-Отан тарихына деген қызығушылықты дамыту, отансүйгіштік пен азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілік сезімін ояту, мерекелік көңіл-күйді көтеру.Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.Кітапханашы барлығын келе жатқан мереке-ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады.Іс-шарада туған жердің қуаты мен қазақ халқының ұлылығы ,Қазақстанның табиғи сұлулығы,Отанға деген сүйіспеншілік шырқалды.балалар өздерінің үлкен ел халқының бір бөлігі екендіктерін, Қазақстан Республикасының азаматтары екендіктерін сезінді, сондай-ақ ел тарихымен танысты.Көрме ұйымдастырылды.